Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Келмеді бүгін тағы да ақталғым….) | Qazbrand.info

Келмеді бүгін тағы да ақталғым.
Азабын артып барады Ай…
Иесіз үйдей қаңырап қалдым,
Бір қоңырауыңа жарамай…

Көңілсіз атты бұл күздің таңы,
Көндіктім, соңы болар деп.
Бақытты жандар деседі бәрі.
(Біледі дейсің олар не???).

Мұңымның неге кермегі бөтен,
Сан қыздан неге қорыдым?
Ессіз күндердің ермегі ме екем,
Қадірсіз басы, соры мың.

Өзімді бүгін жек көрдім қатты.
Бар жақсым сен ең – сөзі де ем.
Дәл қазір, мүмкін, құшақтап жатты,
Отырсың сүйіп көзінен…

Өзімді — өзім өртесем бе екен,
Өкінткен мені нала қай?
Күзбенен бірге құлазып келем,
Бір қоңырауыңа жарамай…



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: