Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Оянған) | Qazbrand.info

Сағатың, сағатың соғарда,
Уақытқа, тарихқа, заманға,
Әлемге, қоғамға, адамға,
Оған да, маған да
Сен қарсы жүресің,
білесің –
бұл сенің ғұмырлық үлесің!
Ғұмырлық үлесің: тоқтатпау –
Өмір мен Өлімнің күресін…
О, жердің тәкаппар тұрғыны,
О, жердің тәкаппар тұрғыны,
Сен қарсы жүресің, білесің:
Өзіңді тапқанша бір күні!..
Өзіңмен бетпе-бет келгенше,
Өзіңді жүзбе жүз көргенше,
Өзіңді майданда жеңгенше,
Өзіңді өзің кеп көмгенше!



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: