Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Біз гүл едік) | Qazbrand.info

Біз гүл едік
Ортақ майда көктеген,
Көп гүл едік
Көктем берген леппенен.

Достық деген
Алтын арқан байланып,
Қосақталып
Бір қазықтан кетпеген.

Обалың не –
Бірдей қатар дүзедік,
Махаббаттан
Жүз тіріліп, жүз өліп.

Ығы-жығы Жәрмеңкенің төсінде
Сырнайлатқан
Сырбаздарың біз едік.
Тауға қарап

Ақша бұлттар көшкенде,
Дария бойлап,
Ақ қайықтар ескенде,
Біз екен – деп

Ойлап қалам елегзіп,
Я — сен – деп
Қоштамайды еш пенде.
Тек төбемнен

Жауып өткен ақ нөсер –
Мұнда сенің
Жас мінезің бар десер.



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: