Қазақша өлең: Иса Байзақов (Егіс) | Qazbrand.info

Колхозшым гүлдендіріп егісіңді,
Тез бітір түгел жыртып үлесіңді,
Маржандай қызыл бидай орғың келсе
Ұқыптап, тәрбиелеп сал күшіңді.
Қаулатып тракторлар өнерменен,
Егіске жұмылыңдар жігерменен,
Бірлескен колхоз, совхоз күш сенікі,
Жер жайын кеңесіңдер агрономмен.
Бауырдай бұйра тіліп қара жерді,
Тамырын құрыш сталь кесе білді,
Еңбектің шын өнімді жемісі егін,
Гүлдентед көркейтетін еңбекші елді.



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: