Қазақша өлең: Иса Байзақов (Сегіз жаста ұлы октябрь) | Qazbrand.info

Жаудың қанын судай шашқан күн.
Қара пейіл арам жұрттар жеңіліп,
Езілгендер қуанып үн қосқан күн.
Тұтқындағы өзгерістің ұлдары,
He заманғы бұғауларын шешкен күн.
Қызыл әскер тасты жүндей қопарып,
Жаңа дүние жайлауына көшкен күн.
Адамзатты құлданатын байлардың
Патшасына жайдың оғы түскен күн.
Неше жүз жыл дүниені шіріткен,
Шен құмардың ішегін алмас кескен күн.
Неше мың жыл көкке өрлеген қиянат,
Еңбекшілдің табанына түскен күн.
Еркек, әйел, жетім, жесір, аруға —
Бостандықтың жас егіні піскен күн.
Бүгінгі күн барлық күнге тұрған күн,
Ұлы Октябрь сегіз жасқа толған күн.
Езілгендер ұрандасып той тойлап,
Жауыздардың қол-аяғын буған күн.



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: