Қазақша өлең: Иса Байзақов (Станок) | Qazbrand.info

Көрдің бе станокті тұрған қайнап,
Мың тетік бір өзімен қабат ойнап
Жүргізіп машинасын зуылдатып,
Ержүрек алыбым тұр оттай жайнап.
Шағылып электрге ерке күліп,
Стальды дайындайды қардай тіліп,
Әперіп бірінен соң біреуі тұр,
Әзірлеп мотор жасап, жөнелді іліп.



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: