Қазақша өлең: Иса Байзақов (Түріксиб) | Qazbrand.info

Қақ жарып қара тасты оқтай өтіп,
Шойын жол ортамызға келді жетіп.
Шаруасын еңбекші елдің өсіретін,
Маңызды зор мақсатты тұрмыз күтіп.
Өсіріп өндірістің үлгілі ісін,
Түрксиб жұмсап отыр барлық күшін.
Дүниеге қожалық қып пролетариат,
Ұраны жер жүзінде өркендесін.



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: