Қазақша өлең: Иса Байзақов (Қызыл әскер маршы) | Qazbrand.info

Біз арыстан — еңбекшілер қыраны,
Біздің ұран — лениншілдер ұраны,
Қаны қара жауыздарды қүртамыз,
Қызыл әскер — езілгендер қорғаны.
Кеңес туын мәңгілікке қорғаймыз,
Жанып тұрған нажағайдан таймаймыз.
Тасты құмдай ұсатамыз қайратпен,
Аштық, тоқтың, барлығына шыдаймыз.
Сұм байлардың қызғалдағы солғанша,
Бүкіл жерде социализм болғанша,
Неше мың жан құлдықтағы елдердің
Еңбегі өніп, жарық сәуле жанғанша.
Өнер, білім, қайрат, жігер бізде мол,
Жер де, көк те, су да, шөл де бәрі жол.
Қай патшаның қозғалса да байлары,
Өз қасында еңбекші тап, біздің қол.
Аттанамыз шықса байлар майданға,
Біз қорғанбыз, еңбек үшін туғанға,
Біздің мақсат әділ тұрмыс орнату,
Ленинизм жолыменен жиһанға.



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: