Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Достық һәм көз жасы) | Qazbrand.info

Достықты мастық туғызад,
Шын-шын достар — екі мас.
Жүректі мастық өртейді,
Төккізіп көзден ыстық, жас.
Достықты ауру туғызад,
Ауру адам — адал дос.
Ауру көз жас төккізед,
Ауырсаң ғана жүрек бос.
Айық адам — аң адам,
Дені сау адам — бейне тас.
Достыққа баға бере алмас,
Төкпес ол көзден ыстық, жас.
Шын дос боп ыстық жас төксін
Десең, досқа арақ бер,
He болмаса, Тәңіріден
Ауру бер деп тілей көр!



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: