Қазақша өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Алтын балдақ) | Qazbrand.info

Қолыма алынғаным алтын балдақ,
Мен келдім Әкемкерді суға жалдап.
Құйрығын екі — екіден талдап өріп,
Қылмитып мініп шықтым қалқаға арнап.
Болғанда кешке жақын апақ — сапақ,
Алдымен шықты сәулем бейне шапақ.
Кигені қара камшат оқалаған,
Басында бір шоқ үкі бұлғалақтап,
Атымның шаужайынан ұстай алды,
Мен кеттім со қалқаны сөзбен алдап.



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: