Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Сен…) | Qazbrand.info

Қиналып мүлде тағы боп барам,
Жүрегім – құса, көңіл – мұң.
Түсіндім енді, сәні жоқ маған
Өзіңсіз мынау өмірдің.

Осы болды ма түсінгендегің?
Жанымды кеттің мұңға орап.
Құрысын бәрі, ішімнен бүгін
Қасірет қардай тұр борап.

Өзіңмен жүрген кезім есімде,
Күндерім, айлы түндерім.
Сен әлі солай сезінесің бе,
Мен оны, жаным, білмедім…



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: