Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Бибігүлге) | Qazbrand.info

Қарлығаш көмей Құрбым-ау
Қай күні, қандай Анадан,
Бағына елдің тудың-ау?!
Ізеттім, әрі келбеттім,
Қасында жүріп көрмеппін.
Бір кезде, шарлап жер-көкті,
Шарықтап, ұшып сен кеттің.
Өмірің сенің жаз бүгін,
Ойлама өмір аздығын.
Есітер құлақ болса егер,
Есінде жүрер назды үнің.
Естілер сенің осы үнің,
Ашқанда ұрпақ есігін.
Уілдеп жатқан сәбидің,
Тербетер әлі бесігін!
Айналса болар тіліңнен.
Тіліңнен әрі үніңнен.
Айырма, тәңір, осы үннен,
Айырма, Бибігүлімнен!



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: