Қазақша өлең: Жүрегім сабыр етші | Qazbrand.info

Ұнатып жүріп, сүйіп қалдым ба?
Үндемей қалдың тұйықталдыңда.
Мендегі сезім сарғайған күздей,
Әлі сөнбеген күйік бар мұнда.

Сезбейді деп, ем сезіп қалдың ба?
Кері шегіндім кезіп бардымда,
Аттанып кеттің бақшаға басқа,
Сүймейтініңді, тез ұқтырдыңда.

Амал жоқ басқа бақыт тілеуден,
Көтере алмай уақытты кеудем.
Арманым асқақ аласұрғанмен,
Іздеймін сені басқа біреуден.
Автор: Мәулен Әнербаев



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: