Сенімхат

Сенімхат – бірлігі бір тұлғаның өз өкілеттігі мен құқын екінші бір тұлғаға берілген жазбаша растайтын іс қағазының бір түрі. Сенімхат нақты бір мәселені (көбінесе мүліктік сипаттағы) үшінші бір тұлғамен шешу мақсатында беріледі.

Сенімхат кез-келген төлем түрлерін, атап айтқанда жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы, алу үшін, ақшалай сондай-ақ заттай корреспонденцияларды алу үшін, мүлікті ортақ пайдалану, транспорт құралдарын имдену, мұрагерлік құқы туралы куәлік алу үшін т.б. толып жатқан жағдайларда беріледі.

Сенімхат куәлігін жеке тұлғаның ауызша арызы негізінде мекеме басшысы бере алады. Мекеме басшысы сенімхат беруші және сенімхат алушы адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру арқылы олардың ақиқаттығына көз жеткізуге тиіс.

Ұйым жетекшісі сенімхат берушіге сенімхат алушының өз өкілеттігін сенімхат арқылы басқа бір адамға беруге құқы бар екендігін және сенімхат беруші жазбаша арыз беру арқылы сенімхаттың күшін жойдыруға құқы бар екендігін ескерту қажет.

Сенімхат 1 дана болып дайындалады. Сенімхат мазмұнын мыналар кіреді:

◊ құжат аты;

◊ жазылған жері мен уақыты;

◊ сенімхат берушінің және сенімхат алушының фамилиясы, аты-жөні, мекен-жайы қоса көрсетілген негізгі мәтін.

◊ ұйым мөрі басылған, жазылғандарды растайтын жазба;

Құжат аты мен негізгі мәтін жоғарыда айтылған ережелерге сәйкес жазылады.

Сенімхат А4 форматты қағазға қолмен жазылады я болмаса жазба машинкасы арқылы да компьютерлік жолмен де теріледі. Мәнінде түзетілген, өшірілген я қосымша жазылған сөздер болмауы керек. Мұндайлар болған жағдайда олардың әрқайсысына түсініктеме жазылып («өшірілген сөз оқылмайды», «түзетілгені дұрыс» сияқты), оған сенімхат беруші де, сенімхат алушы да өз қолдарын қоюлары қажет.

Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы – 3 ай;

Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы – 3 жыл; Егер мүлікті пайдалануға берілген сенімхатта жарамдылық мерзімі көрсетілмесе, ол қол қойылған күннен бастап 1 жылға дейінгі мерзімде өз күшінде болады. Сенімхаттардағы жарамдылық мерзімі әрқашан жазбаша жазылуы керек.

Сенімхатқа қол құжаттың түпнұсқа екенін куәландырушы адамның қатысуымен ғана қойылады. Құжат мәтінін сенімхат алушыға куәландырушы тұлға немесе сенімхат беруші адам дауыстап оқып беруге тиіс.

Құжат дайындалғаннан кейін, сенімхат беруші тұлғаның қолына беріледі, я оның өтініші бойынша сенімхат алуға беріледі я жіберіледі.

Ұйым басшысы мынадай жағдайларда сенімхатты куәландырмайды:

◊ егер сенімхат өз атынан емес туысқанының я басқа бір адамның атынан берілсе, сол сияқты сенімхат өз атына емес туысқанының, я басқа бір адамның атына берілсе;

◊ егер сенімхат мазмұнында айтылғандар заңға қайшы келсе;

◊ егер сенімхаттағы далалар жазбаша жазылмаса.

Сенімхат

Қызылтаң совхозыАқсу ауданы Талдықорған облысы, бір мың тоғыз жүз тоқсан жетінші жылдың отыз бірінші мамыры.

Мен, Бидахметов Елжан Бидахметұлы, мекенжайым – Талдықорған облысы. Ақсу ауданы, Қызылтаң совхозы Жансүгіров көшесі 21 –үй (жеке куәлік N 010679444) ҚР ІІМ 07.05.1995 ж. берілген). Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қызылтаң совхозы жансүгіров көшесіндегі N 22- үйде тұратын Сейдімбеков аслан Сейдімбекұлы (N 0106679443, ҚР ІІМ 06.05.1995 ж. берілген) өзімнің атыма жазылған, Қызылтаң совхозы, Абай дайда, қалаған бағасына (кемінде жүз мың теңгеге) сатуды, менің атымнан үйді сатуға қажетті анықтама, куәлік, басқа да құжаттарды алуды, тұрғын үй (қора-жайымен) сатуға байланысты шартты жасауды, маған берілуге тиіс ақшаны алуды, осыған байланысты барлық істерді жүргізуді сеніп тапсырамын.

Осы сенімхат бойынша өкілдік басқа адамға берілмейді.

Сенімхат берілген күннен бастап бір жылға дейін жарамды.

____________Бидахметов Е.

қолы

Доверенность

Совхоз КызылтанАксуского района Талдыкорганской области, тридцать первое мая одна тысяча девятьсот девяносто седьмого года.

Я, Бидахметов Елжан Бидахметович, проживающий по улице Джансугурова 21, совхоза ) Кызыл тан Аксуского района Талдыкорганской области, удостоверение личности N 010679444 выд. МВД РК 07. 05. 1995 г. доверяю Сейдибекову Аслану Сейдимбековичу, проживающему по ул. Джансугурова 22 совхоза) Кызыл тан Аксуского района Талдыкорганской области, удостоверение личности N 010679443 выд. МВД РК 06. 05. 1995 г., продать за цену и на условиях по своему усмотрению, но не менее чем за сто тысяч тенге принадлежащий мне жилой дом (домовладение) находящийся по улице Абая- 7 совхоза Кызылтан Аксуского района Талдыкорганской области, для чего предоставляю ему право получить необходимые справки, удостоверения и другие документы, заключить договор купли- продажи жилого дома (домовладения), получить следуемые мне деньги, а также выполнить все действия, связанные с данным поручением.

Полномочия по этой доверенности не могут быть переданы другим лицам.

Доверенность действительна в течение года со дня выдачи.

__________Бидахметов Е.

подпись

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: