Сөздің пайда болуы © Qazbrand.info

. Тіл мен ойлау ертеден-ақ бір-бірімен тығыз байланысты болғаны ғылыми әдебиеттерде айтылып келеді.

Тілдің шығуы еңбекпен байланыстыра қарастырылады. Еңбек болмаса, сөйлеу тілі де болмас еді. Себебі еңбектің нәтижесінде адамның миы ойлау дәрежесіне жетеді. Ойлау тек тіл арқылы болады. Тіл мен ойлау еңбек үрдісінде (процесінде) мидың жетілуіне байланысты шыққан болса, керісінше, мидың дамуы да тіл мен еңбекке қайталай әсер етеді.

Сөз о баста күнделікті қоғам өмірінің қажетінің салдарынан пайда болған. Адамдар бір-біріне бірдеме айтуы керек болды. Сондықтан маймылдың сөйлеуге ыңғайланбаған тамағы бірте-бірте дамып, ауыз ішіндегі мүшелер айырым дыбыстардың бірінің артынан бірін айтуға үйрене бастайды. Бұдан кейін сөз біріте-бірте дами береді. Сөздің шығуы мен шығуы мен жеке тілдердің шығуын бір-бірімен шатастыруға болмайды. Себебі сөздің шығуы адамның адам болуымен байланысты бір миллион жыл шамасында деп топшыланып жүр (Р.А.Будигов. Введение в науку о языке, М., 1958, 329-бет). Адамның адам болуы да ойлау мен сөз болмаса, адам айуаннан бөлініп шықпас еді. Олай болса, сөз тым ертеде пайда болған. Бірақ қай жердегі адамдардың тілі бұрын, қайсысының кейін шыққаны бізге белгісіз. Сондықтан алғашқы кезде барлық материкте адамдар болып, барлығының тілі бір кезде әр жерде әр түрлі болып жасалуы ма, жоқ әлде бір жердегі адамдар дүние жүзіне таралып, әуелдегі бір тіл жергілікті жағдайға қарай, әр қилы болып кетті ма? – деген сұрауға нақты да дәл жауап беруге нақты факт жоқ болғандықтан, әр ғалым өзінше топшылайды. Р.А.Будагов, мүмкін, адам баласы географиялық жағдайға байланысты белгілі бір кең атырапта болып, соңынан басқа жерлерге тараған болар деген пікірді қолдайды. Біздің ойымызша бұл пікірдің екі жағы бар. Бірінші, адам баласының хайуанат дүниесінен бөлініп шығуына географиялық ортаның әсері тиді, олардың өмір сүруіне қолайлы жағдай қажет болды деген дұрыс. Ал бір атыраптағы адамдар басқа материктерге тараған деген пікірге күманданамыз.

  1. Негізінде, адам баласының хайуанат дүниесінен бөлініп, адам шығуы бір жерде ғана болмай, ілгерінді – кейінді әр жерде болуы да мүмкін.

Сонымен моногенезис (бір тілден тарау), полигенезис (көп тілден тарау) мәселерінің көпшілігі осы күнге дейін болжау дәрежесінен аса алмай, нақты шешім таба алмай келе жатуы – бұл үрдістің тым ерте кезде болғандығынан еді.

Тілдің пайда болуы жөнінде көптеген тарихшы, философ, тілшілер пікір айтты. Біреулер алла тағала даяр үйінде адамдардың қолдануы үшін жаратып, адамдарға әкеп берген деді. Кейбіреулер басқа да түрлі теориялар шығарды. Олар негізінде материалистік тұрғыдан басталатын тұрақтану теориясы (Демокрит) ағым болды. XVII ғасырдан бастап, дыбыс еліктеу теориясы (ономопоэтикалық) шықты. Бұл теорияның көрнекті өкілі Г.Лейбниц болды. Ол екі түрлі тіл бар: біреуі – ерте кезде жасалған түбір тіл, екіншісі – кейінірек жасалған жасанды тілдеп есептейді. Оның ойынша, “дыбыс еліктеу” ең алдымен түбір тілде болады. Ал жасанды тіл түбір тілді ілгері дамытады. Сөйтіп ол екеуі бірлесе отырып, дыбыс еліктеу қағидасын дамытады. Жасанды тіл түбір тілден алыстаған сайын “дыбыс еліктеу” арқылы сөз жасаудың табиғилығы азая береді.

  1. “Эмоциялық теория”–ны шығарушылар одағай сөздер дыбыс пен мағынаға бөлінбейтін бүтін болып жымдасып жатады да, олардың арасында табиғи байланыс болады, одағай дыбыстар сөздің түрлі категориясына бытырап, сөз табын жасап, сөзге айналып кеткенде, дыбыс пен мағынаның арасы алшақтап, бұрынғы байланысы жойылады деп есептейді. Шындығында, дыбыс пен мағынаның табиғи байланысы емес, сөз бен дыбыстың өзара байланысы бар.

Сондықтан тілдегі сөздерден дыбысты бөліп алып, ойлаумен, мағынамен байланыстыру дұрыс емес. Оны сөзбен бірге қарау керек. Н.Я.Маррдың “таза сөйлеу” теориясы ойлау мен тілді екіге бөліп, бұлардың арасындағы бірлікті жоққа шығарды. Н.Я.Марр тілдің шығуын “төрт элемент теориясымен” дәлелдеуге тырысты. Қорыта келгенде, тілдің шығуы туралы мәселе әлі күнге дейін шешілмей келеді. А.А.Лентьев көптеген сұрақтарды ашық қалдырдым десе де, тілдің шығуы – лингвистиканың ірге тасы деп есептейді (“Возникновение и первоначальное развитие языка”, М., 1963, 5-бет).

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: