Сөздің тура мағынасы © Qazbrand.info

. Сөздің ішкі семантикалық байланысы оның мағынасы мен ұғымының ара қатынасынан көрінеді. Сөз мағынасы зат, құбылыс, әрекет жайында түсінік, ұғым пайда болғаннан кейін қалыптасады. Егер белгілі бір зат туралы ұғымымыз болмаса, оның мағынасын да білмейміз. Ұғым бар жерде мағына бар. Ұғымның болуы сөз мағынасының ең маңызды шарты болып табылады.

Сөздің мағынасы дегеннің өзі, ең алдымен, ақиқат өмірде болып отыратын қатынасты, шындықты көрсететіндіктен, сайып келгенде, шындықтың ұғымы болып табылады. Ұғым сөз арқылы берілетін болғандықтан, әдетте сөзге тіркеулі, бекітулі болады.

  1. Сөз – заттың, құбылыстың өзі емес, оның көшірмесі, бейнесі, суреті, адамның басына сол көріністің түсірген әсері, сәулесі. Сонда сөздің мағынасы дегеніміз – адамның ойлауына әсер ететін заттардың сәулесі, бейнесі бола тұрса да, сөздің мағынасы дара ұғым емес, ол – жинақталған күрделі, тұтас ұғым.

Сөздің қосымша мағыналары негізгі мағынасы арқылы пайда болып, дамиды деп есептейміз. Ақ деген сөздің негізгі мағынасы сапа, сын есімдік белгілі түсті көрсетеді. Кейінгілерінің бәрі негізгі (сөздік) сын мағынасынан дамыған. Ақ торғын, ақ сүт дегендердегі ақ – негізгі мағына. Ал ақ болу, ақ көбею, істің ағы дегендер қосымша контекстік мағына. Басқа мағыналарының бәрі ақ деген түспен байланысты ұғылады. Таным мағынасындағы ақ та ақ деген түсті есімізге салады. Басында ақ сүт, ақ айран сияқты болып айтылып, кейін сөз тіркестерінен бірте-бірте ажырап, дараланып қолданылатын дәрежеге жетеді. Сөзде біз ең алдымен затпен, құбылыспен байланысты мағына жасалады да, абстракт мағына кейін пайда болады. Бұған қарап, ақ ішу дегендегі ақ – зат атауы, сондықтан осының өзі негізгі мағына болып, түсті белгілейтін мағына кейін пайда болмады ма екен деген күмән болмауға тиіс.

  1. Өйткені сапа сындары затпен (затты тани бастағанда) бірге жасалған көне атаулар, олар бертін келе зат сипатын көрсетенін абстрактылық қасиетке ие болған. Сондықтан сапа сындары тым ертеректе жасалған. Ақ деген сапа сыны тым ерте қолданылғанда, ал зат атауы болған ақ дегенніңмағынасы адам баласы малды қолға үйретіп, оның сүтін азық ете бастаған кезден басталып, бертін келе қалыптасқан. Солай болғасын, оны сапа сыны арқылы кейін жасалған. Әрбір сөз белгілі бір ұғымды білдіреді. Сөз бен ұғым тығыз байланысты, бірақ сөз бен ұғым бір-бірімен тепе-тең емес, өйткені сөз – тілдік категория, ал ұғым – ойлаудың формасы. Тілсіз ойлау мүмкін емес. Сондықтан да тіл мен ойлау тығыз байланысты болып келеді. Сөз атаулы, белгілі бір ұғымды білдіреді: жер, су, темір, шөп, қағаз, ет, сүт, май, тері, көз, қол, бас, аяқ, т.б. Бұл сөздердің мағынасы сөйлем ішінде айқындалады. Сөз мағынасының қыры-сыры мол. Мысалы: қара сөзінің бірнеше мағынасы бар:
  1. Қара – белгілі бір түстің түрі.
  2. Мал ұғымын білдіреді.
  3. Алыстан көрінген бір зат.
  4. Қара – суық, қара жел деген тіркестерде қатты деген мәндес болып келеді.
  5. Қара таныған деген тіркесте хат таныған деген мәнде қолданылады т.б.

Сөз мағынасының екі түрі бар: лексикалық мағына және грамматикалық мағына.

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: