Осы күнгі тілдік сөздіктердің түрлері © Qazbrand.info

Қазақ лексикографиясының қалыптасуы мен зерттелу тарихын сөз еткенде ең алдымен М. Қашқаридың «Түркі тілдерінің сөздігі», В.В. Радловтың «Түркі тілдерінің сөздігі» атты еңегін атап өтуге болады. Сөздіктің негізгі міндеті тілде қолданылатын сөздерді белгілі бір тәртіппен тізіп орналастыру болып есептеледі. Лексикографияның негізгі міндеттерінің бірі тілдің лексикалық байлығын анықтауда болып саналады.
2. Егер түрлі сөздіктер жасалмаған болса тілде қанша сөз бар екендігін болжап айту қиын болар еді. Қазіргі жасалған сөздіктерге қарап қазақ тілшілері тілімізде 200 мыңнан астам сөздің бар екендігін, тіпті оның өзі кейбір сөздердің қамтылмай қалғандығын ескертеді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін құрастырушылардың өзі мойындағандай әлі де жиналып пайдалануға енбеген бірсыпыра смөздердің бар екендігін академик Ә. Қайдардың өзі «Қазақ тілінің өзекті мәселелері» атты еңбегінде бір сыпыра мақал-мәтелдердің кейбір қару-жараққа байланысты сөздердің түсіндірме сөздікке енбей қалғандығын атап көрсетеді.
3. Қазіргі күнде түрлі тақырыптық сөздіктерде елеулі орын алады. Атап айтқанда егін шаруашылығына, балық, мал шаруашылығына байланысты сөздер, жылқыға, мақтаға байланысты сөздер үй жиһаздарына байланысты сөздер, ыдыс-аяққа байланысты сөздер, жергілікті сөздер т.б. Сонда тілімізде әлі де жинап сөзді құрайтын тақырыптардың бар екендігіне көзщ жеткізуге болады. Бұл мәселелерді шешу қазақ лексикографиясын зерттеп жүрген ғалымдардың кезек күттірмейтін міндеті болып есептеледі.

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: