Қазақ тіліндегі табу мен эвфемизмдер © Qazbrand.info

Түркі тектес тілдердің бәрін бір-бірімен қанша туыстас десекте, олар бір-бірінің көшірмесі емес екендігін есте сақтаған жөн сондықтан әртір тілдің өзіне тән сөздері, сөз қолдану әдістері болатыны дау тудырмайды. Соның бір дәлелі ретінде қазақ тіліндегі табу, эвфемизм, дисфемизмдерді атауға болады. Табу сөздері, біздің ойымызша тек қазақ тілінде ғана қолданылады. Себебі, басқа халықтарда мұндай салттың жоқтығынан деп есептеуге болады. Басқа халықтарда келін боп түскен қыздың күйеуінің туған-туыс жақындарының атын атамау салты тек қазақта ғана кездеседі. Сонымен бірге кейбір жыртқыш жануарлардың атында атамау әдеті бар екендігін студенттерге жан-жақты ұқтыру нгізгі міндеттің бірі болып саналады.

Лекция мәтіні: 1. Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тиым салынған сөздер тіл білімінде табу деп аталады. Халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрінде кейбір атаулар діни ұғымда болғандықтан оларды тікелей айту мүмкін болмаған. Мұндай әдет – ғұрып әр халықтың өз салты бойынша белгіленген. Қазан төңкерісіне дейін сақталып келген кейбір әдет – ғұрыптың отаршылдық дәуір кезъінде тамырына балта шабылып, ол әдепті ұстаған адамдар қудаланды.

  1. Өткен замандарда адамдар арасында өмірді жете танып білмеу салдарынан, зат пен оның атауының арасында табиғи байланыс бар деп қате түсінушілік болған. Адамзат өзі тудырған кейбір сөздерді күнделікті тұрмыста өз атымен атамай, басқаша атауға мәжбүр болған. Мұндай тыйым салынған сөздер дүние жүзіндегі халықтардың көпшілігінде кездеседі. Бұл әдет әсіресе түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының өмірінде кең тараған. Осындай тарихи оқиғаның нақтылы бір айғағы ретінде “Аталардың аты” деп аталатын мына әңгімені (аңыз) айта кетудің артықтығы жоқ.

Баяғыда Аюбай, Түлкібай, Итбай деген үш ағайынды адам өмір сүрі пті. Бұлардың отырған аулы терең сайдың ішінде екен. Күндердің бір күнінде ағайынды ақсақалдар үйде әңгіме дүкен құрып отырады. Бір кезде иттері жабыла үріп, шулап қоя береді. Төрдегі ақсақалдардың бірі босаға жақта күйбеңдеп жүрген келінге:
– Шырағым, иттер неге үріп кетті, ибайқап келші, – деп жұмсайды. Келін жүгіре басып далаға шықса, ауылдың арт жағында үлкен бір аю түлкіні қуып барады екен де, иттері соған үріпті. Үйге қайта енбек болған келін:
– Япырау, мұның бәрі аталардың аты ғой, қалай айтсам екен? – деп қысыла – қысыла ішке кіреді.
– Иә, балам, иттер неге үріпті? – деп сұрайды ақсақалдардың бірі. Сасқалақтаған келін:
– Ауыл сыртындағы аршалы бетте атекем тәкемді зыттыра қуып бара жатыр екен, осы ауылдағы жәкемдердің бәрі соларға қарап жүр, – депті.
Қазақтың ескі әдет – ғұрпы борйынша келін болып түскен қыз күйеуінің туған – туыстарын өз атымен атамайтын болған. Олардың әрқайсысына лайықтап (жолына,жасына қарай) өз тұсынан басқалай ат қоюға мәжбүр болған. Сондай – ақ, жыртқыш хайуандардың да атын атауға да тыйым салынған(бұл тек әйелдер ғана емес, жалпы барлық адамдарда атамайтын болған); Сондықтан қасқырды қарақұлақ, итқұс т.б. деп атаған.
Егер қасқыр деп айтса, ол қалайда малды жарып кетеді, ал астарлы атпен атаса оны басқа бағытқа сілтеп, мал аман қалады деп түсінген.
Астарлы сөздер – евфемизмдер де тарихи тұрғыдан алғанда, табу сөздер типінет жатады. өйткені оларға да бір сөзді екінші сөзбен ауыстыру тәсілі тән. Қазақ арасында эвфемизмге жататын мынадай сөздер болған: шайтан деудің орнына – сары бала, шешектің орнына дерт, өлімнің орнына қаза т.б.

  1. Эвфемизм дегеніміз – дөрекі, жағымсыз, қолайсыз сөздерді сыпайылап, жанамалап қолдану тәсілі. Мысалы, М.Әуезовтың “Абай жолы” эпопеясында Оспанның “Ой, бауырым, Абай” дегені үшін жаман ырым бастадың деп шешесінің жазалайтыны бар. өтірік айтпа деудің орнына қоспаңыз, өлді деудің орнына қайтыс болды деуде эвфемизмге жатады.

Тілде әдепті сөздерді әдепсіз (дөрекі) сөздермен ауыстырып айтуды дисфемизм дейді.Бұт артары мен шаңырақ сапарларын жауға берді. өздерің бір – бір тулақтарына мініп – ақ шапқылап кетсеңдер. Хазірет пен әбүнүсіптің сол езбалдағының өзіне мынау отырған қашаметшелердің кейбіреуі аузын аңқита тыңдағансиды. Жеңілетініңді білетін болсаң, сен бес қырт аттанар ма едің?
Осындағы бұт артар деген мінгіш, көлік орнына, езбалдақ – мылжың, қырт – тантық, көк мылжың орнына жұмсалып тұр.

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: