Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар © Qazbrand.info

Қай тілде болмасын, дауысты дыбыстарға қарағанда дауыссыз дыбыс көп болып келеді. Дауысты дыбыстар мен салыстырғанда дауыссыз дыбыстардың классификациясы (жіктелуі) әлдеқайда күрделі болып келеді. Сондықтан дауыссыз дыбыстарды сипаттап мінездеме беру және оларды топтастырып классификация жасау акустикалық жақтан да, артикуляцялық жақтан да көптеген жайларды есепке алуды керек етеді.

Дауыссыз дыбыстардың кейбіреулері дауыстың (үннің) қатысуымен жасалса, бірсыпырасы дауыстың қатысуынсыз жасалады. Осыған байланысты дауссыз дыбыстар екі топқа бөлінеді: оның бірі – қатан дауыссыз дыбыстар, екіншісі – ұяң дауыссыз дыбыстар. Қатаң дауыссыз дыбыстар деп дауыстың қатынасынсыз жасалған дауыссыздарды айтамыз да, ұяң дауыссыздар деп дауыстың қатысуымен жасалған дауыссыз дыбыстарды айтамыз.

Егер дауссыз дыбыстарды айтқанда, дауыс шымылдығы жиырылып қысылмаса және дауыстың (үннің) қатысы болмаса, онда қатаң дыбыстар жасалады: қ, к, т, п, с, т.б. Егер дауыссыз дыбыстарды айтқанда, даус шымылдығы үн шығарарлық қалыпта болса, онда ұяң дыбыстар жасалады: ғ, г, д, б, з, т.б.

Қатаң дауыссыздар мен ұяң дауыссыздар түрлі тілдерде дауыстың (үннің) қатысу немесе қатыспауы жағынан ажыратылады да, өз ара жұп – жұбымен айтылады. Тіл – тілде қатаң дауыссыздардың ұяң сыңарлары, керісінше, ұяң дауыссыздардың қатаң сыңарлары бар: қ – ғ, к – г, п – б, т – д, с – з, ф – в, т.б. Қатаң дауыссыздар мен ұяң дауыссыздар бір-бірінен үннің бірінде болуы, екіншісінде болмауы жағынан ғана емес, сонымен бірге салдырдың қатысы жағынан да ажыратылады. Атап айтқанда, қатаң дауыссыздарда салдыр басым болады. Осыған орай, ұяңдарға қарағанда қатаң дауыссыздарда ауаның қарқыны басым болады. Сондықтан қатаң дауыссыздар, кейде қарқынды немесе күшті дауыссыздар деп те аталады. Ұяң дауыссыздарды айтқанда ауаның қарқыны қатаң дауыссыздарға қарағанда баяу болады. Осымен байланысты ұяң дауыссыздар әлсіз дауыссыздар деп те аталады. Алайда бұл екі құбылыс тілдің бәрінде қабысқан күйінде ұшырай бермейді. Кейбір тілдерде құлаққа қатаң дыбыс түрінде де, ұяң дыбыс түрінде де естілетін дауыссыз дыбыстардың айрықша бір түрі кездеседі. Бұлай болатындығы олар даустың қатысу белгісі жағынан қатаң дауыссыздардың қатарына енеді де, ауа қарқынының дәрежесі жағынан ұяңдардың қатарына енеді. Дауыссыздардың және неміс тілінің кейбір диалектілерінде кездеседі (М.И.Матусевичтің еңбегінде, 38- бет).

Дауыссыз дыбыстар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай ауыз жолды және мұрын жолды дауыссыздар болып екіге бөлінеді. Егер жұмсақ таңдай жоғары көтеріліп, жұтқыншақтан мұрын құысына баратын кіре беріс жолды жауып тұрса, онда ауа ауыз қуысымен өтеді де, осының нәтижесінде ауыз жолды деп аталатын дауыссыздар (б, д, … т.б.) жасалады. Егер жұмсақ таңдай төмен түсіп, жұтқыншақтан мұрын қуысына баратын кіре беріс ашық болса, онда ауа мұрын қуысынан өтеді де, осының нәтижесінде мұрын жолды деп аталатын дауыссыздар жасалады (м, н, …).

… Графика тек әріптерде ғана емес, пунктуцияға да елеулі мән береді. Пунктуация:

  1. алфавиттен тыс белгілердің (тыныс белгілерінің) графикалық жүйесі. Пунктуация гың өзі графикамен орфографиямен бірге жазудың негізгі құралы болып табылады.
  2. тыныс белгілерін қою ережелерінің жиынтығы.
  3. мәтінге тыныс белгілерін қою.
  4. тыныс белгілері.

Тыныс белгілері де әріптер сияқты жазбаша тілдің элементтері болып есептеледі, ауызша тілді дұрыс жеткізуге қызмет етеді.

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: