Тілдің стилистикалық байлығы © Qazbrand.info

Тілдің байлығы, дегенде, қазақ тілінің басмқа тілдерге қарағанда, сөзді мәнерлеп қолданудағы икемділігі, ойды дәл де нақты жеткізедегі қызметі еске алынады. Тілден тілдің кеңдігі болса да, кемдігі жоқ екенін ескерсек, қазақ тілінің бай да әсем, әуезділігі туралы басқа ұлт өкілдерінің айтқандарына ден қою қажет деп саналады. әр тілдің өзіне ғана тән білгілері, оралымдары бар екендігі мәлім. Стилистика жалпы халықтық тілдің ауызша және жазбаша формалары оның стильдерінде тілдік ьелгілерді (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) қалай қолдану қажет екендігін көрсетеді.

Стилистика тілдің қолдану заңдылықтарын зерттейтін ғылым болғандықтан, тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасын көздейді. Тілдік құралдарды дұрыс, ұтымды қолдана білудің қоғамдық үлкен мәні бар.

Тілдік белгілерді сұрыптап жұмсау заңдылықтары әдетте айтылатын, ойдың мазмұнына байланысты. Ойлау жұмысының нәтижелерін тіл сөз арқылы бейнелейді. Ал сөз арқылы бейнелейді. Ал сөз арқылы жеткізілетін оймен оның мазмұнының арасында тығыз байланыстылық болады. егер ой түсініксіз болса, онда сөз де түсініксіз шығады:

Палентолог – мамандар бұл теңіз корольдары планетамыздың дамуындағы тас көмір дәуіріндегі болған деп топшылайды, бұдан үш жүз миллион жылдай бұрынғы ол кезде «дүние шатырының қазіргі алып таулы аймағы орнында ұшы – қиырына көз жетпейтін мухит шалқып жатқан» (газет). Бұл сөйлемді түсіну қиын. Айтылатын ойды сауатты жеткізе білмеу тек сөйлеушінің не жазушының жалпы мәдениетінің төмендігін ғана білдіріп қоймайды, сонымен қатар ол адамдардың бір – бірімен түсінісуінде қиындатады. Сондықтан ауызша не жазбаша түрде айтылатын ойдың түсінікті, нақтылы боуына айрықша көңіл бөліп, оның тазмұнын дәл бере алатын тілдік құралдарды сұрыптап қолдана білудің маңызы зор. Бір газет оқушысы былай жазыпты: «Айтпағым көп ретте келіншектер от басында қалып қояды. Кейде куйеуінің бір мезгіл орынсыз ашуына киліксе үндемейді. Бірақ әркім де өмірдегі, өз еншісіндегі қызықтан, жақсылықтан құр қалмауы керек емес пе? Тұрмысқа шыққасын тоқырау керек пе? Жоқ. Осыған орай әріптестерім, жас келіншектердің көңілдегілерін білгім келетінін де жасырмайтын» (газет).

Хат қысқа жазылған. Бірақ мұнда автордың ойы түсініксіз, жас келіншектерді айқын, нақтылы жеткізе алған.

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: