Стилистикалық мағына және оның табиғаты. © Qazbrand.info

Тілдегі кез келген ұғым сөз арқылы беріледі. Сөз өзінің білдіретін ұғымына қарай түрліше мағыналық топтарға бөлінеді. Сөйлемдегі стилистикалық мағына дұрыс көрсетілгенде ғана айтылатын ой түсінікті болады. Стилистиканың басты міндеті жеке сөздер мен грамматикалық тұлғалардың, сондай – ақ синткасистік конструкциялардың қолданылу заңдылықтары мен экспрессивтік сапасын айқындау болғандықтан, сөздердің мағыналық түрлеріне де ерекше көңіл бөлінеді. Сөздер синоним, омоним, антоним, көп мағыналы, ауыспалы мағыналы болып жұмсалады. Синонимдер қай стильде болса да, бәрінеде бірдей дәрежеде қолданылмайды. Ресми – кеңсе ғылыми стильде синонимдердің жеке бір сыңарлары кейде ретіне қарац қлданылады. Ал екі не үш синоним бірдей қатар жұмсалмайды. Бұлай тек публицистикалық және сөйеу стилінде, көбінесе көркем әдебиет стилінде ғана, қолданылады, сөйлеу тілі стилінде өте сирек айтылады. Жалпы тілге, ағайын мағынасындағы қарындас негізінен көркем әдебиет стилінде, шешендік стильде, ара – тұра сөйлеу сөйлеу тілінде жұмсалады. Серт, уәде, ант сөздері бір – бірімен мағыналас. Жоғарыда айтылған «қарындас» сөзі тек ағадан кейінгі қыз бала ғана емес, барлық ағайындарды, туыстарды білдіреді. Атақты «Елім-ай» өлеңіндегі: «Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Қарындастан айрылған жаман екен,

Екі көзден мөлтіндеп жас келеді» (астын сызған біз) дегенде, «қарындас» сөзі тек әйелді ғана емес, ағайын, туысты аңғартып тұр.

Жазушы да, ғалым да, басқалар да синонимді әдетте бір сөзді, қайталай бермеу үшін, тыңдаушы мен сөйлеуші мезі етпеу үшін қолданады. Синонимдер әсіресе көркем әдебиет стилінде жиі қолданылады. Көркем әдебиет стилінде синоним белгілі бір ойды толықтыра түсу, нақтылап, дәлді айту ыңғайында қолданылады.

Жалпы сөйлеу тіліне тән синонимдер бар да, публицистикалық, көркем әдебиет стилінде қалыптасқан синонимдер өз алдына бір бөлек. бұл екі топ синонимнің әдеби тіл аясындағы қолданылуы бірдей емес. көркем шығармада автордың өзіндік стиль ерекшелігіне байланысты қолданылатын синонимдердің кейбіреуі ғана жалпы халықтық сипат ала алады.

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: