Сөздік құрамның стильдік қабаттары. © Qazbrand.info

  1. Тіл өзінің сөздік құрамы арқылы адамның өндірістік іс-әрекетімен және оның барлық жұмыс саласындағы басқа да іс-әрекеттерімен байланысты. Қоғамдық өндірістің, әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дамуы мен материалдық және рухани мәдениеттің барлық салаларының дамуына байланысты туған жаңа заттар мен құбылыстарды және олардың ұғымдарын тілде сөзбен атаудың қажеттілігінен туынды жаңа сөздер жасалады немесе олар тілде бұрыннан бар сөздермен аталып, ол сөздердің мағыналарына туынды мағыналар қосылады. Осыдан тілдің сөздік құрамы үздіксіз дерлік толығу, даму күйінде болады.
  2. Сөздердің көнеру, қолданылудан шығып қалу процесінен гөрі туынды сөздердің жасалып, сөздік құрамға қосылып отыру процесі тілдің лексикасына өте-мөте тән процессболып саналады.

Сондай-ақ, мұртын балта шаппайды деген тұрақты тіркестің құрамындағы мұрт деген сөздің орнына сақал немесе балта деген сөздің орнына пышақ, шаппайды дегеннің орнына кеспейді деген сөздер қолданылмайды. Егер бұлай етіп өзгертсек, олар тұрақты тіркес болудан қалады немесе тіптен маағынасыз, түсініксіз болып шығады.

  1. Тіл-тілдің лексикасында ғылым мен техниканың алуан түрлі салаларында қолданылатын арнаулы сөздер бар. Олар терминдер деп аталады. Басқа сөздермен салыстырғанда терминдерге тән басты қасиет неде? Күнделікті өмірде барлық салаларда жалпылама қолданыла беретін сөздер ыңғайына қарай түрлі-түрлі мағынада жұмсалып, көп мағыналы болып келсе, терминдердің басым көпшілігі дара мағынасында жұмсалады. Демек, дара мағыналы болу – терминдерге тән, басты қасиет.Мысалы, африкат, аффикс, артикуль, артикуляция, агглютинация деген терминдер қандай бір контексте қолданылсын, олардың әрқайсысы әрдайым өзіне тән негізгі бір ғана мағынасында қолданылады және сол бір ғана мағынасында ұғынылады. Терминдерде эмоциональды бояу, экспрессивті қызмет дегендер болмайды.

Бірақ бұл айтылғаннан қандай да болсын терминдердің бәрі дара мағынада қолданылады, көп мағына білдіретін термин жоқ деп тұжырым жасауға болмайды. Кейбір терминдер көп мағыналы болып келеді; ол-терминдердің кемшілігі. Егер белгілі бір термин көп мағыналы болса, онан кейде қате түсінік тууы да мүмкін. Екі ұштылық тудырмау үшін әр уақытта терминдердің дара мағыналы болуы көзделеді.

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: