Сөз формасы. © Qazbrand.info

  1. Сөз әр түрлі тәсілдермен түрленіп, әлденеше формаға ие болады. Мысалы, қызылдау, қызылырақ, қызғылтым, қып-қызыл дегендер бір ғана қызыл деген сөздің аффиксация тәсілі (қызылдау, қызылырақ, қызғылтым), жартылай қосарлану (қып-қызыл) арқылы жасалған формалары болып саналады.

Грамматикалық форма көбіне-көп сөз формаларына байланысты қарастырылады. Сөз, әдетте, әр түрлі формаларға ие болады. Ол белгілі бір сөйлемде немесе сөз тіркесінде қолданылғанылғанында, барлық формаларында емес, бір немесе бірнеше формасында қолданылады. Сөйлемдегі немесе сөз тіркесіндегі сөздер мағыналары жағынан ғана емес, сонымен бірге формалары жағынан да ажыратылады. Мысалы, Тіземнен сүріндірсең, сүріндір, тілімнен сүріндірме деген сөйлеміндегі сүріндір деген етістік бір-бірінен әр түрлі формада қолданлуы жағынан ажыратылып тұр.

Сөздің бір формасын басқа формаларынан ажыратуымен бірге, нақты бір сөздің белгілі бір формасын нақты бір сөзге қатысты емес жалпы грамматикалық формалардан, мысалы, “осы шақтың бірінші жақ формасы”, “тәуелдеулі шығыс септік формасы” немесе жалпы “бірінші жақ формасы”, “шығыс жақ формасы” дегендерден ажырата білу керек, белгілі бір сөздіңформаларын жалпы грамматикалық формалардан ажыратудың қажеттілігін ескеріп, проф. А. И. Смирницкии нақтылы бір сөздің формаларын сөз формалары деп атайды.

Сөз формасы, яғни нақтылы сөздің белгілі бір формасы, әрі сол сөздің формасы, әрі жалпы грамматикалық форма, мысалы, белгілі бір септіктің, жақтың, шақтың, райдың формасы ретінде танылады. Сөз қаншама формада қолданылса да, әр басқа сөз емес, бір сөз ретінде ұғынылады. Проф. А. И. Смирницкий ондай сөзді жалпы сөз атаулыдан ажырату үшін лексема деп атауды жөн көрді. Оның пікірінше, форма лексемаға қарсы мағынада ұғынылса, формалық қатар формалар жүйесі ретінде қаралатын сөзге қарсы мағынада ұғынылады. Формалық қатар да сөз формаларының жүйесі, бірақ ол лексемалрдың тепе-теңдік белгісі бойынша емес, формалардың тепе-теңдік белгісі бойынша біріктірілген сөз формаларының жүйесі болып саналады. Сөз формасында осы екі жүйе бір-бірімен түйісіп жатады.

Мысалы:

Сөз:

Жол

жолдың

Формалық қатар: жолға, орманға, қолға, қазға, малға…

Жолды

Жолдан

  1. Тіл-тілде сөз формаларының екі түрі бар: оның бірі – сөздің синтетикалық формалары, екіншісі – сөздің аналитикалық формалары. Енді осы мәселелерге тоқталайық.

Сөздің синтетикалық формалары екі түрлі жолмен, атап айтқанда, 1) аффиксация арқылы, 2) дыбыстардың алмасуы (ішкі флексия) арқылы жасалады.

  1. Сөзге әр түрлі аффикстердің жалғануы арқылы оның түрлі-түрлі формалары жасалады. Сөздің синтетикалық формаларының аффиксация тәсілі арқылы жасалуы көптеген тілдерге тән және ол жиі ұшырасады. Мысалы, қазақ тілінде: етікшілер, етікшілерге, етікшілердің, етікшілері, етікшілеріміз: орыс тілінде: стол – столы; ағылшын тілінде: tabie (үстел) – tabies (үстелдер).
  2. Сөздің синтетикалық формалары дыбыстардың алмасуы немесе ішкі флексия тәсілі арқылы да жасалады. Мысалы, ағылшын тілінде man зат есімнің жекеше түрін (ер, еркек) білдірсе,оның ішкі флексия арқылы өзгерген түрі – men (ерлер, еркектер) зат есімнің көпше түрін білдіреді.

Сөздің аналитикалық формасы негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесінен жасалады. Сөздің аналитикалық формасының құрамына енетін атауыш сөз негізгі морфемаға барабар қызмет атқарса, көмекші сөз әр түрлі көмекші морфеларға, яғни аффикстерге ұқсас қызмет атқарады. Мысалы, келе жатыр деген негізгі етістік пен көмекші етістіктің тіркесіндегі компоненттер мағыналық жағынан алғанда, дербестігі сақталған екі сөз емес, бір сөздің күрделі формасы ретінде ұғынылады.

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: