Тілдердің генеалогиялық классификациясы © Qazbrand.info

  1. Тілдердің генеологиялық классификациясы салыстырмалы – тарихи тіл білімінің деректері мен жетістіктеріне сүйене отырып, дүние жүзіндегі тілдерді олардың шығу тегінің бірлігіне, материалдық туыстастығына қарай түрлі тілдік семьяға, топтарға бөліп топтастырады. Туыстас тілдердің топтарына қатысты “семья” деген термин биологиялық ұғымды білдірмейді. Семья деген термин тілге қатысты қолданғанда, шығу тегі бір, біртектес тілдердің бірнеше топтарының жиынтығы дегенді білдіреді. Түркі тілдері өз ара туыстас тілдер дегеннен, олардың жалпы түркілік бір негізден шыққандығын аңғарамыз. Роман тілдері өзара туыстас тілдер, олар бір негізден – латын тілінен шыққан. Тіл биологиялық құбылыс емес, қоғамдық-тарихи құбылыс. Тілдердің туыстастығы туралы ұғымды тарихи және лингвистикалық ұғым деп түсіну ең дұрыс түсінік болмақ.

Тілдердің туыстастығы, өз ара жақындық дәрежесі әр түрлі болады. Туыстас тілдердің кейбіреулері бір-бірімен өз ара өте жақын да болуы мүмкін. Мысалы, тілдердің индоевропа семьясына көптеген тілдер, соның ішінде орыс, белорус, украин, поляк, чех, болгар, неміс, француз, ағылшын, испан, фарсы, итальян, швед және т.б. тілдер енеді. Бұл тілдердің барлығы да туыстас тілдер. Алайда бұлардың бір-біріне жақындығы, олардың грамматикалық құрылысы мен сөздік құрамының және фнетикалық жүйесінің тұтастық және жақындық дәрежесі біркелкі емес.

  1. Индоевропа тілдері өз ішінде славян тілдері, роман тілдері, герман тілдері, индия тілдері, иран тілдері деп аталатын топтарға бөлінеді. Осы топтардың әрқайсысына енетін тілдердің өз ара жақындық, ұқсастық жақтары әр түрлі топтарға енетін тілдердің ұқсастық, жақындық жақтарына қарағанда басым және мол болады. Мысалы, орыс тілі мен фарсы тілінің немесе орыс тілі мен француз тілінің жақындық, ұқсастық жақтарына қарағанда, орыс, украин, белорус тілдерінің өз ара жақындық, ұқсастық жақтары әлдеқайда мол. Аталған топтардың әрқайсысы өз ішінде бірнеше кіші топтарға бөлінеді. Мысалы, славян тілдері өз ішінде шығыс славян, оңтүстік славян, батыс славян тілдері болып бірнеше топқа белінеді. Шығыс славян тобына енетін орыс тілі мен батыс славян тілі тобына енетін поляк тілінің өз ара ортақ ьелгілеріне қарағанда, бір ғана кіші топ – батыс славян тобына енетін чех, словак, поляк тілдерінің жақындық жақтары мен өзара ортақ белгілері көп.

Генеалогиялық классификация бойынша дүние жүзіндегі тілдер тіл білімінде былайша топтастырылады.

  1. Үндіевропа тілдері.
  2. Семит-хамит тілдері.

III. Кавказ тілдері.

  1. Фин-угор тілдері.
  2. Түркі тілдері.
  3. Монғол тілдері.

VII. Тунгус-маньчжур тілдері.

VIII . Қытай-тибет тілдері.

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: