Грамматикалық ұғымдар және олар туралы түсінік © Qazbrand.info

Тілдің грамматикалық құрылысын тануда оның негізгі мәселелерін анықтауда да, әрі таяныш, әрі нысана болатын негізгі грамматикалық ұғымдар бар. Бұл ұғымдарды ажыратпау тілдің грамматикалық құрылысының сыр- сипатын түсінуде анықтау да қиынға соғады. Грамматикалық құрылысқа қатысы бар негізгі ұғымдар мыналар: грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория тілдегі әр сөздің өзіне тән нақтылы лексикалық мағынасы мен жалпы грамматикалық мағынасы, оның тұлға- тұрпатына байланысты. Мысалы, сушы, сусын, су, суат, суғар т.б. Бірақ ол мағыналар сөзбен сөздің, сөздер мен сөздердің арақатынасы жақсы аңғарылады. Лексикалық мағына дегеніміз- сөздердің ешқандай байланысқа түспей тұрғандағы негізгі мағынасы. Мысалы: Той болса, тон киелік жүр баралық,

бірімізді біріміз аударалық,-

деген сөздерде киелік, баралық деген сөздердің әрқайсысының өздеріне тән нақтылы лексикалық мағынасы бар. Олар киіну, бару аудару әрекеттерін білдіреді. Сонымен қатар олардың лексикалық мағынасы мен қатар жүретін жалпы мағыналары бар. Ол мағыналар мыналар:

  1. Бұл етістіктердің үшеуі де алдағы уақытта істелінбекші әрекетті білдіреді.
  2. Үшеуінде де тыңдаушылар іске шақырылып тұр.
  3. Сөйлеуші өзінде өзгелерді де бірінші жаққа топтап бәріміз киелік баралық аударалық деп тұтас қамтып отыр.
  4. Ол әрекетті істеу көп адамға арналып айтылып тұр.
  5. Осы шақырым есім сөздер арқылы емес, етістіктер арқылы айтылып тұр.
  6. Ол етістіктер сабақтылық, салттылық ұғымдармен байланысты грамматикалық мағына бар.
  7. Бұл сөздер баяндауыш қызметін атқарып тұр.

Мысалы: қалтаң бүтін болса, ақшаң түгіл шақшаң да түсіп қалмайды деген сөйлемдердегі қалтаң, шақшаң, ақшаң деген үш сөздің нақтылы лексикалық мағыналары мен қатар грамматикалық мағыналары да бар. Бұл үш сөздің үшеуі де заттың атын білдіреді бұлар зат есімдер болады. Онымен қатар осы есімдер арқылы аталатын заттар екінші жақтағы адамға меншікті екені аңғарылады. Үшеуі де сөйлемде бастауыш болып тұр. Осы аталған мағыналар грамматикалық мағына деп аталынады. Сонымен сөздің нақты лексикалық мағынасы мен жарыса отырып сол лексикалық мағынаны айқындап саралай түсетін, я сөйлемдегі басқа сөздермен қарым- қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынаны грамматикалық мағына дейміз.

Қонақ бір күн қонса құт

Екі күн қонсажұт.

Ауылдың салтында ауылға жақындаған жолаушының әдеті өкпелерің орынды жігіттер ескі көшке ермей қалып, жаңа көшті бастай алмай әрі-сәріге салған рас деген сөйлемдерді қонақ және қонысы ауылдың және ауылға көшті және көшке сөздердің өзара негіздері бір болғанымен қосымшалары да, грамматикалық мағыналары да бір-біріне өзгешерек бұл мысалдардың барлығында грамматикалық мағыналары бір сөздің әр түрлі грамматикалық формалары арқылы айтылып тұр.

Қазақ тілінде грамматикалық мағына тудыратын сөздердің бір тобы өте тың, аса нағыз нақ, дәл т.б. күшейткіш сөздер мысалы, өте жақсы, тың жұпыны грамматикалық мағынаның негізгі сөздерге шылау сөздердіңселбесуі арқылы туады. Мұнда ол сөздер бір-біріне жалғасып дәнекер болады. Мысалы: Құрымбайдың ол не үшін келгенін сезді.

Грамматикалық құбылыстың екі жағы болады:

  1. Сол құбылыстың белгілі ұғымды я түсінікті білдіретін ішкі жағы грамматикалық мағына.
  2. Сол мазмұнды яғни грамматикалық мағынаны қалай не арқылы білдіретін сыртқы жағы грамматикалық тәсілі (формасы).

Грамматикалық категория-тікелей сөздерге және сөз тіркестеріне тән жалпы грамматикалық мағынамен байланысты болады.

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: