Сан есімнің семантикалық-морфологиялық топтары © Qazbrand.info

Сан есім болатын сөздер жалпы мағынада, әйтеуір, санды білдіргенімен, заттың сол сандық мөлшерін әр тұрғыдан сипаттайды. Айталық, біреулері есептік мағынада жұмсалса, екіншілері жинақтық ұғымда қолданылады, үшінші бір ыңғайда бөлшектік ұғымды т.с.с. білдіретіні бар. Міне, осындай мағыналық түрлеріне қарай сан есім мынадай алты топқа бөлінеді: есептік сан есім, реттік сан есім, болжалдық сан есім, жинақтық сан есім, иоптық сан есім, бөлшектік сан есім.

Есептік сан есімдер. Есептік сан есімдер сан есімдердің басқа түрлерін жасаудың негізі болып табылады, ол заттың сандық мөлшерін білдіру үшін пайдаланылады. Сандық мөлшері сан есімнің басқа түрлері де білдіреді, бірақ есептік сан есімдер нақтылы сан бойынша білдіреді: он екі орындық, жиырма үш кітап.

Есептік сан есімдер дара және күрделі түрлерге бөлінеді. Субстантивтену арқылы есептік сан есімдер өзге есім сөздердің орнына қолданыла береді: Екі жерде екі- төрт.

Реттік сан есімдер. Реттік сан есімдер заттың, құбылыстың сан ретін, орын тәртібін білдіреді. Реттік сан есімдер есептік сан есімдердің дара және күрделі түрлеріне -ыншы (-інші), -ншы (-нші) жұрнақтары жалғану арқылы жасалады: бірінші, он бесінші, тоқсан тоғызынпшы, бір мың тоғыз жүз сексен төртінші т. б.

Реттік сан есімдер сөйлем ішінде тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер болумен бірге, басқа да қызмет, айталық, қыстырма сөздер қызметін атқарады: Ие, мен орыс емес, қазақпын. Бірак, Лермонтов айналасындағы әңгімелерге таныстығым бар адаммын. Екінші, ақтап-қаралау сіз бен біздің жеке еншіміз болмағанымен, ғылымның, қоғамның еншісі (Ғ. Мүс).

Тиісті жұрнақ жалғанып, реттік сан есімдер жаңа сөздер жасауға септігін тигізеді: Екіншілей (екінші рет) бұл кемшілікті қайталамайтын болайық. Қалалық біріншілікте (бірінші орын алу үшін ұйымдастырылған жарыста) менің жолдасым чемпион атанды.

Жинаңтық сан есімдер. Жинақтық сан есімдер сан мөлшерін жинақтап көрсету үшін қолданылады. Жинаңтық сан есімдер қазақ тілінде көп емес: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу, олар есептік дара сан есімдерге -ay (-ey) жұрнағы жалғану арқылы жасалады.

Жинақтық сан есімдерден үш түрлі тәсіл — лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік тәсілдер арқылы әр алуан сөздер жасалады.

Лексика-семантикалық тәсіл кебінесе біреу сөзіне байланысты болып келеді. Тіліміздегі қолданылу практикасына қарағанда, бұл сан есім тура мағынасындағы сандық ұғымнан сәл алшақтап, заттық ұғымға айналады. Ондайда қанша? кім? не? сұрақтарына жауап болады: Біреудің мінінің бір елі артыктығы бар (орыс маңал-мәтелдері).

Морфологиялық тәсіл арқылы жинақтық сан есімге -ла (-ле), -лап (-леп), -п жұрнаңтары жалғанып, етістік жасалады: екеуле, ушеуле, бесеулеп, жетеу-леп, алтаулап, төртеулеп т. б.

Синтаксистік тәсіл арқылы жинақтық сан есімдерден басқа сөздер жасалғанда, бір ыңғайда жинақтық сан есімдер косарланып келеді де, екінші ыңғайда «ара» сөзімен тіркесіп келеді: үшеу-үшеу, алтау-алтау, бесеу-алтау, екеу ара, төртеу ара, жетеу ара т. б.

Топтың сан есімдер. Топтың сан есімдер заттардың немесе құбылыстардьң, оқиғалардың теңбе-теңдігін білдіреді.

Топтың сан есімдер есептік сан есімдерден жасалады. Мұндайда есептік сан есімдерге жұрнақ жалғанады. Жұрнақтардыц жалғануының екі түрлі жолы бар:

Есептік сан есімдердің дара түрлеріне де, күрделі түрлеріне де түбір күйінде -дан (-ден), -тан (тен) жұрнақтары жалғанады: алтыдан, оннан, жиырма сегізден, қырықтан, отыз тоғыздан, бес жүзден, мыңнан т. б.

Бұл аталған жұрнақтар косарланған есептік сан есімдердің екінші сыңарларына жалғанады: үш-үштен, он-оннан, жиырма-жиырмадан: Өмір көрген түлкінің үш-үштен іні болады.

Болжалдық сан есімдер. Болжалдық сан есімдер сан мөлшерін жобалап, тұспалдап көрсетеді: Әңгіменің қызығына түскен соң, қаракер аты қамшыдан құтылып, жолы болып келе жатыр еді. Бір-екі тебініп, шаужайлап қатарласты. Арадан екі-үш ай өткен соң аштық шеңгелін қаттырақ салды. Үйден 16—17 шамасындағы бұралған әдемі қыз шықты (Б. М.).

Болжалдық сан есімдер есептік сан есімнен екі түрлі тәсілмен — морфологиялық және синтаксистік тәсілмен — жасалады.

Морфологиялық тәсіл арқылы жасалғанда жалғанатын жұрнақтардың бастылары мыналар:

-ер. Бұл тек қана бір сан есіміне жалғанады: бірер.

-дай (-дей), -тай (-тей). Бұл жұрнақтар есептік сан есімдердің дара және күрделі түрлеріне, сондай-ақ қосарланған болжалды сан есімдерге жалғанады: жүздей, елудей, тоқсандай, алпыс-жетпістей, сексен-тоңсандай, екі-үш жүздей т. б.

Бұл жұрнақтардың caн есімдерге емес, сан есім3дермен тіркескен сөздерге жалғануы да мүмкін: Күлпаштың Жүмағазыға тигеніне жиырма күндей болғaн (Б. М.). Он екі болыс елдің бір шеті мен бір шеті

мың шақырымдай. Жапсарласқан екі ақ үй мен және жапсарласқанекіақ үйдіңарасыжүзқадамдай

(С. С).

Бөлшектік сан есімдер. Сан есімнің бұл түрі санның бөлшектік үлесін білдіреді де, математикалық ұғымда қолданылады: Өткен бесжылдықта 137,9 тон­на ашытқы дайындалып, соның нәтижесінде 9,1 мил­лион тонна сүрлем мен пішендеме әзірленді («СҚ»). 1979 жылғы деректе біздің қазақ халқының 52,3 про­центі орыс тілінде еркін сөйлей алатын болып шықты («ЛЖ»).

Бөлшектік сан есімдер есептік сан есімдердің шығыс септігі тұлғасындағы сөздер мен тәуелдік жалғаудың үшінші жағындағы сан есімдердің тіркесуінен жасалады: екіден бірі, жүзден отызы, жетпістен он үші т. б.

Сан есімдердің синтаксистік қызметі. Сан есімдер сөйлем ішінде тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің барлығының да қызметін атқарады.

Бастауыш болады: Біз — төрт кісіміз. Екеуі — ноғай жігіт, біреуі — орыс, төртіншісі — мен (С. С).

Баяндауыш қызметін атқарады: Ол — жалғыз, біз — екеуміз. Тек оны жыр етеміз (Н. Ә.).

Толықтауыш қызметінде кездеседі: Үндемеген жетелі, Үйретеді екеуді. Жетіге созылған боран бүгін ғана ашылып, жылы шуақ күннің көзі ықтасындағы қардың бетін жылтыратып, терлетіп жатыр. Сол жерде менің жасымды сұрады. Сонан соң мен ана келіншектердің көзінше отыз бірден асқанымды айта алмай, жиырма бестемін дедім (С. С.).

Анықтауыш жиі ұшырасады: Бүгінде Жорж Сименонның кітаптары әлем халықтарының 55 тілінде сөйлеп, 500 миллион данамен тарап кеткен. Олардың мазмұны 52 көркем және 300 телевизиялық фильмдердің алтын арқауына айналыпты. СОКП XXVI съезінің шешімдерін басшылыққа алған аудан еңбекшілері он бірінші бесжылдықтың бірінші жылында айтарлықтай табысқа жетті («ҚӘ»).

Пысықтауыш қызметінде де сан есімдер жұмсалады: Чемпионаттың екінші күні СССР құрама командасы мүз айдынына Швеция хоккейшілерімен шықты («СҚ»).

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: