Қалихан Ысқақ

1960-1990 жылдардағы әдебиет

Әуезов дәстүрін өзінше жалғастырып дамытар жазушы туындыларын оқып шыққан соң өмірінде тайганы, Алтай өңірін көрмеген жан өзін бір уақ сол аймақтың табиғатымен оянып, табиғатпен көз ілетін тұрғынындай сезінеді. Қалихан Ысқақов – адамгершілік, профессионалдық кемелдікті бауырына басқан біртума суреткер десе зәредей де артық емес.

   Әлия Бөпежанова 

Қалихан Ысқақ шығармаларын оқу… 

Қалихан Ысқақ 1935 жылы 14 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданының Топқайың ауылында туған.
ҚазМУ-дің журналистика факультетін, Мәскеудегі Мемкино жанындағы режисерлер мен сценаристердің жоғары курсын бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Халық конгресі» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Парасат» журналдарында бөлім меңгерушісі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының үшінші шығармашылық бірлестігінің Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, М.Әуезов атындағы Академиялық драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі болған. Прозашы, драматург, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халықаралық Жамбыл атындағы әдеби сыйлықтың, Ғ.Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері.
«Дос хикаясы», «Менің ағаларым», «Бұқтырма сарыны», «Күреңсе», «Қоңыр күз еді» повестер жинағы, «Березовая роща», «Кедры высокие» жинақтары, «Тұйық», «Қара орман», «Ақсу – Жер жаннаты» романдары, «Жарық дүние», «Қазақтар» пьесалар жинағы жарық көрген. «Ақсу – Жер жаннаты» романы үшін 1992 жылы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Оның жиырмаға жуық пьесасы республикалық, облыстық драма театрларының репертуарларына енді. Солардың басты-бастылары: «Қараша қаздар қайтқанда», «Таңғы жаңғырық», «Есеней – Ұлпан», «Жан қимақ», «Сабатаж!», «Қылкөпір», «Мазар», «Революция сарбазы», «Ерліктің екі сағаты», «Приказ остается в силе», «Двое в степи», «Апатай», «Жәке-жәкетай», «Сайқының тұқымдары», т.б.
Бүкілодақтық экранға шыққан бірнеше толықметражды фильмдердің («Ұшы-қиырсыз жол», «Саршатамыз», «Охран бастығы», «Қараша қаздар қайтқанда») сценарийін жазған. Шығармалары өзбек, қырғыз, тәжік, татар, башқұрт, шешен, орыс, украин, словак, болгар тілдерінде жарық көрген. Екі томдық таңдамалылары 1997 жылы оқырман қолына тиді.

Аударма саласында Л.Н.Толстойдың, А.П.Чеховтың, И.С.Тургеневтің, А.И.Куприннің, И.А.Буниннің шығармаларын қазақ тіліне тәржімалады. Нобель сыйлығының лауреаттары болған жеті драматургтің пьесаларын қазақшалаған.



Қалихан Ысқақ туралы пікірлерге өту…


 

Еңбек жолы

  • 1967 – 1972 жылдары Мәскеудегі екі жылдық ценаристер мен режиссердің жоғарғы курсын бітірген соң Ш.Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясында аға реактор қызыметін атқарды.
  • 1972 – 1995 жылдары Қазақстан Жазушылар одағыда драматургия секциясын басқарды;
  • 1998 жылдан Қақатың М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының әдебиет бөлімін басқарды;
  • «Жұлдыз» журналының проза бөлімін де басқарды.
  • «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Халық конгресі» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Парасат» журналдарында он бес жыл қызмет істеді.

Шығармашылығы

  • Қалихан Ысқақұлы проза жанрында жазушының коптеген әңгіме, повестер жинақтары, жеке романдары жарық корді: “Қоңыр күз еді” атты алғашқы повесі 1963 ж. жарық көрген. Кейін “Дос хикаясы” (1963), “Менің ағаларым” (1965) повестер мен әңгімелер жинақтары, “Тұйық” (1975), “Қара орман” (1980), “Ақсу – жер жаннаты” (1989) романдары басылды. Пьесалары республика театрының сахнасында қойылды. «Сарша тамыз» (1968), «Ұшы қиырсыз жол» (1969), «Қараша қаздар қайтқанда» (1985). «Березовая роща», «Кедры высокие», «Жарық дүние», «Ақсу – Жер жаннаты», таңдамалы шығармаларының бес томдығы. Жазушының жекелеген повесть, әңгімелер жинақтары, романдары орыс тіліне аударылып, «Советский писатель», «Художественная литература» баспаларында басылып шықты. Кейбір таңдамалы шығармалары тәжік, өзбек, қырғыз, татар, башқорт, украйн, шешен, болғар, чех, словен тілдерінде аударылды.
  • драматургия жанрында да жиырмадан астам еңбек берді. Солардың барлығы да Республикалық , облыстық театрлардың сахнасына шықты. Басты – бастылары : «Апа – Апатай», «Жәке – Жәкетай», «Сайқының тұқымдары», «Қараша қаздар қайтқанда», «Таңғы жаңғырық», «Ерліктің екі сағаты», «Приказ остается в силе», «Двое в степи», «Революция сарбазы», «Кемпір іздеп жүр едік», «Мазар», «Мен әлі көрсетемін», «Опора с подпоркой», «Көктемнің салқын кезі еді», «Құрымбай, Желдібай Жандыбаев, Айранбайдың Мұхышы», «Жер қимақ», «Есеней – Ұлпан», «Қазақтар», «Алатау сынды алыбым». Автор «Есеней –Ұлпан» пьесасы үшін Ғ. Мүсірепов атындағы, «Алатау сынды алыбым» пьесасы үшін Жамбыл атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты атанды.
  • кинодраматургия саласында да біраз туындылар берді.Оның сценариі бойынша жасалған толық метражды көркем фильмдер: «Сарша тамыз», «Ұшы – қиырсыз жол», «Күзет бастығы», «Қараша қаздар қайтқанда» бүкілодақтық экранға шықты.
  • аудармашы ретінде де көпке танымал. Орыс әдебиетінің классиктері Л. Толстойдың, И. Тургеневтің, А. Чеховтің, А. Куприннің, И.Буниннің әңгіме, повестері қазақ тілінде Қ. Ысқақтың аудармасында жарық көрген.
  • Әдеби сын, театр сыны, эссе жанрында, публицистика, саяси – әлеуметтік тақырыпта да Қ.Ысқақаов жүзден астам мақала очерктер жариялады.

Жеке қасиеттері

Әскери атағы – отставкадағы аға лейтенант. Хоббиі – бильярд. Сүйіп оқитын әдебиеті – проза, драма, кинодраматургия.

Отбасы

Үйленген. Жұбайы – Ысқақова Дәметкен Акбарқызы, зейнеткер. Қызы – Ысқақова Самал Қалиханқызы (1960 жылы туған); ұлдары – Абылай (1968 жылы туған), Әлихан (1970 жылы туған).

Марапаттары

  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет» Грамотасымен марапатталған.
  • 1992 жылы «Ақсу – Жер жаннаты» романы үшін егеменді тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
  • 1994 жылы Аягөз ауданының Құрметті азаматы (атағы);
  • 1994 жылы Қатонқарағай ауданының Құрметті азаматы (атағы);
  • 2000 жылы президент жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері.
  • 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» мемлекеттік медалі;
  • 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі;
  • 2007 жылы «Парасат ордені»нің иегері.
  • «Алатау сынды алыбым» пьесасы үшін Жамбыл атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты атанды.
  • Халықаралық Ғабит Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты;
  • 2011 жылы «Қазақстан тәуелсізідігне 20 жыл» медалі;
  • С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің құрметті профессоры (атағы);

 

Like this post? Please share to your friends:
Бәрі осында
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: