Бішкектегі оқиға: 75 адам ауруханаға түсті
Ақпаратқа сәйкес қазіргі уақытта травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығы мен Ұлттық госпиталіне түрлі дене жарақаттарымен 75 адам түскен.
Бұл туралы Бішкек қалалық ішкі істер басқармасына сілтеп BAQ.kz хабарлады.
Кабар агенттігінің хабарлауынша, ауруханаға түскен 75 адамның 46-сы құқық қорғау органдарының өкілі. Қаза болғандар жоқ.
Айта кетейік,4 қазан күні Қырғызстанда Жогорку Кенешке депутаттарды сайлау өтті. Депутаттық мандатқа 16 партия үміткерлік етті.
7 пайыздық межеден өткен төрт партия Қырғызстанның 120 орындық парламенті – Жогорку кенешке депутат жіберу мүмкіндігіне ие болған.
Бұдан бұрын Бішкекте митингіге шыққандар басып кірген Ақ үйдің өртеніп жатқандығын хабарлағанбыз. Сондай-ақ, Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев тергеу изоляторынан босатылды.