Қостанай облысында 17 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті
Қостанай облысының Қостанай ауданында полицейлер жоғалған 17 жастағы Арузат Құрманғалиеваны іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Нашу Газету” басылымына сілтеме жасап.
“2020 жылдың 4 қазанында аудандық полиция бөліміне Заречный кентінің тұрғынынан қызы Құрманғалиева Арузат Әзірханқызының 2003 жылы 30 қыркүйекте үйден кетіп, әлі оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті”, – делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жасөспірімнің үстінде сұр күрте, көк джинсы, спорттық аяқ киім болған.
Кәмелетке толмаған қыздың қайда екенін білетіндер полицияға ” 102″ нөмірі бойынша қоңырау шала алады.