17 жасар бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті

бойжеткен қыз

Қостанай облысында 17 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Қостанай облысының Қостанай ауданында полицейлер жоғалған 17 жастағы Арузат Құрманғалиеваны іздестіріп жатыр,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Нашу Газету» басылымына сілтеме жасап.

«2020 жылдың 4 қазанында аудандық полиция бөліміне Заречный кентінің тұрғынынан қызы Құрманғалиева Арузат Әзірханқызының 2003 жылы 30 қыркүйекте үйден кетіп, әлі оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті», – делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жасөспірімнің үстінде сұр күрте, көк джинсы, спорттық аяқ киім болған.

Кәмелетке толмаған қыздың қайда екенін білетіндер полицияға » 102″ нөмірі бойынша қоңырау шала алады.