Аура райына байланысты ескерту жарияланды

Аура райы

Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Сонымен қатар синоптиктер Нұр-Сұлтан қаласында да ескерту жариялады

Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

5 қазанда Қостанай облысында тұман түседі. Солтүстіктен соққа желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында таңертең және күндіз солтүстік-батыстан қатты жел соғады, жылдамдығы 15-20 метрге жетуі мүмкін. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнді және таңертең үсік жүреді.

Ақмола облысында қар аралас жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 23-28 метрге жетуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы 2-7 градусқа дейін төмендейді.

Түркістан облысында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 23-28 м/с-ке жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында жаңбыр, қар жауады, тұман болады. Күндіз ауа температурасы 2-4 градусқа дейін төмендейді.

© azattyq-ruhy.kz