Павлодар облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды

жол апатынан

Павлодар облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды

ВАЗ көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушылары апаттан көз жұмды.

Павлодар облысында ВАЗ 21041 автокөлігі трактор тіркемесімен соқтығысты. Апат салдарынан бес адам оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Qazbrand.info  Liter.kz-ке сілтеме жасап.

Адам өліміне алып келген апат 3 қазанда сағат 21.10-да Ақтоғай облысының Ақтоғай-Шолақсор тас жолының 63-ші шақырымында болды.

«ВАЗ 21041 автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі  47 жастағы жүргізуші басқарған МТЗ тракторы тіркемесімен соқтығысқан. Апат салдарынан ВАЗ 21041 автокөлігінің жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды », – деп хабарлады полиция.

Полиция сот-медициналық сараптама тағайындады. Олар оқиғаның барлық мән-жайын анықтауы керек.

ФОТО: pixabay.com