Жантүршігерлік жол апаты: 14 адам зардап шегіп, біреуі көз жұмды

жол апаты

Жезқазған маңында жантүршігерлік жол апаты болды: 14 адам зардап шегіп, біреуі көз жұмды

Жезқазғанға жақын жерде жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды  Еуразия бірінші арнасы.

Жеңіл көлік қарсы жолаққа шығып, апатқа себепкер болды. Соқтығу оқиға Жезқазғанның жанында болды. Жеңіл көлік автобусқа бетпе-бет келіп, соғылған. Қатты соққыдан кейін көлік жанып кеткен.

Оқиға орнынан түсірілген видео кадрларында адамдардың апат болған жер көрінеді. Оқиға болған жерде адамдар жиналып, автобустар тоқтап жатыр.

«Не болып жатқанын қараңыз! Біреулерді көтеріп алып жүр!», – дейді видеода әйелдер.

Жеңіл көлік жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Автобус салонында 15 жолаушы болған. 14 адам ауруханаға жеткізілді, олардың біреуі ауыр жағдайда жансақтауға жіберілді. Полиция тергеуді бастап, сараптама тағайындалды.