Үш бала ажал құшты: Көлік өзенге батып кетті

Көлік

Батыс Қазақстан облысында көлік өзенге түсіп кетіп, үш бала өлім құшты.

Полиция оларды көліктен шығармақ болды, бірақ нәтиже болмады.

Қайғылы оқиға 3 қазанда Достық ауылынан алыс емес жерде Шаған өзенінде орын алды.

Белгісіз әйел 102 нөміріне қоңырау шалып, үш кішкентай баласы бар көліктің өзенге батып бара жатқанын айтты, деп хабарлайды «Уральская неделя».

Оқиға орнына жақын маңдағы полиция жасағы келді. Үш қызметкер бірден балаларды құтқару үшін суға ұмтылды. Өкінішке орай, оларды құтқару мүмкін болмады. 6, 7 және 9 жастағы балалар сол майданда қаза болды, – деді БҚО ДП баспасөз қызметі.

БҚО ДП кейінірек толығырақ түсініктеме беруге уәде берді.