Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында өзін-өзі өлтірді

өзін-өзі өлтірді

Журналист Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында өзін-өзі өлтірді

Ресейдің «КоzaPress» интернет-басылымының бас редакторы Ирина Славина Нижний Новгородтағы Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында өзін орындыққа байлап, өртеді. Бұл туралы «Подъем» басылымы хабарлайды.

Өткен-кеткендер мен полиция қызметкерлері журналисті құтқармақ болды, бірақ ол адамдарды жанына жуытпады. Оқиға нәтижесінде журналист қайтыс болды.

Осыдан аз ғана уақыт бұрын ресейлік журналист өзінің Facebook парақшасында: «Менің өліміме Ресей Федерациясын кінәлауыңызды сұраймын» деп жазды.

«Новая газетаның» хабарлауынша , Славина KozaPress басылымының негізін қалаушы және жалғыз журналист болған. Жоба құру идеясы оған 2015 жылы Ирина үшінші рет жұмысынан айырылған кезде келген.

© kznews.kz