WhatsApp-та көптен күткен функция іске қосылды

WhatsApp

WhatsApp-та көптен күткен функция іске қосылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдағы уақытта мессенджер өз пайдаланушыларына белгілі бір чаттардан хабарландыруды біржола өшіруге мүмкіндік береді. Егер осыған дейін қызметтің бұл түрі шектеулі мерзімге қолжетімді болса: 8 сағат, 1 апта және 1 жыл, енді опцияны бір жылға «біржола» деп ауыстыруға болады.

Әзірше бұл қызмет тек бета-нұсқаларда пайда болды. Бірақ алдағы уақытта мессенджер бұл параметрді барлық пайдаланушыға ұсынады.