Жексенбі күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді

қоғамдық көліктер

Жексенбі күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді

Жексенбі күні, 4 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы қалыпты болады. Дүйсенбі күні, 5 қазанда қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қайтадан қатынайды», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке бетперде тағып кіру керек. Жол жүру ақысы көліктік карта, SMS, QR-код және мобильдік қосымшалар арқылы төленеді.