Итке айыр тығып өлтірген

Итке

Итке айыр тығып өлтірген

Атыраулық тұрғынның итін көршісі балаларының көзінше айыр тығып өлтірген

Полиция департаментіндегілер осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғаған

Атырау тұрғыны көршісі итін айырмен шаншып, айуандықпен өлтіргенін айтқан. Қала тұрғыны Анатолий Ерачиннің «Ақ Жайық» басылымына хабарлауынша, оқиға алдында ит өз ауласындағы үйшігінде шынжырланып тұрған. Бұл жағдай 29 қыркүйекте Дулатов көшесінің бойында (Маслопром маңында) болған.

«Бұл оқиға 28 қыркүйекте басталды. Сол күні әйелім екеуміз үйге жақын жерде садақада болдық. Көрші әйел қоңырау шалып, итімнің 4 жасар баласын қауып алғанын айтып, айқай салды. Мен дереу үйге келіп, итті тексеріп қарадым, содан кейін бақылау камерасы бар басқа көршімнен жазбаны қарап шығуды өтіндім. Жазбадан баланың біздің аулаға, тіпті, жақындамағанын көрдім», – дейді Анатолий.

Анатолий баланы көршінің иті қауып алған шығар, өйткені сол иттің құлағынан, құйрығынан тартып, үстіне мініп, ойнап жүретін еді деп жорамалдайды.

«Мұны бұрын басқа көршілер де, 12-13 жастағы балаларым да көрген еді. Олардың екі иті бар, бірі қабаған овчарка. Бәлкім, баланы қауып алған сол ит шығар», – дейді Анатолий.

Осы дерек туралы полицияға көршілерінен шағым түскен. Келесі күні таңертең оған учаскелік полиция инспекторы келіп, түсініктеме алып, ескерту жасап кетіпті.

«Осы кезде көрші әйел шығып, мені де, итімді де «жоқ қыламын» деп айқайға басты. Содан кейін учаскелік инспектор кетіп қалды. Ал жарты сағаттан кейін көршінің күйеуі келіп итімді өлтіремін деп, қоқан-лоққы жасай бастады. Екеуміз керісіп қалдық, сосын ол үйіне кетіп қалды. Бірер минуттан кейін қайтадан аулама жүгіріп келіп, итімді балалардың көзінше айырмен шаншып тастады. Мұндайды күтпеген едім, бәрі көзді ашып-жұмғанша болды. Сосын полицияға шағымдандым», – дейді Анатолий.

Полиция департаментіндегілер осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы (жануарларға қатыгездiк жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Сотқа дейін тергеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Внимания внимания и снова у нас в городе ужасный случай, который мы должны придать огласке. 29.09.2020. К нам обратился Хояин собаки Ерачин Анатолий Михайлович. , которую закололи вилами у него же во дворе, когда собака была на цепи и в будеке😭 «Здравствуйте! Сегодня мой сосед Каленов Руслан Жоламанович проживающий по адресу район Маслопром улица Дулатова. Всё началось 28.09.2020 ,мне позвонила Мейрамгуль (жена Каленова. Руслана. Ж) и сказала сквозь мат, что ЯКОБЫ моя собака укусила её ребёнка. Я тут же приехал домой и начал принимать действия. Осмотрел собаку,да та была не на цепи,она сняла её. У моего соседа проживающего в 13 доме ,имеются КАМЕРЫ наблюдения,по которым МЫ проверили, был ли действительно факт нападения и укуса моей собакой но как оказалось, что она не отходила от двора, она вышла прошла влево на траву, потом вернулась домой и больше не выходила все ЭТО ЗАФИКСИРОВАНО. И более того, сына соседа, которого она укусила, не было и близко , он не ходил возле нашего двора. Далее: 1. Почему сын которому 4 года выходит без присмотра старших ? 2. Сын находился с бабушкой, которая частенько выпивает( мать Руслана ) и может она недоглядела за внуком и решила всю вину на бедную собаку взвалить. 3. У них имеются две собаки, одна из них агрессивная, овчарка. Над которой её сын издевался: таскал за хвост и за уши, садился на неё, это видели и соседи и мои дети возраста 12 и 13 лет. И может они и напугали ребёнка. Утром ко мне приехал участковый я написал объяснительную, тут же вышла жена Руслана с криками и угрозами, что меня завалит и мою собаку и т.д. В общем покричали,участковый вынес предупреждение, где я расписался ,сказал ему что приму меры, посадил собаку на цепь. Но через минут 30 приехал РУСЛАН.К с угрозами, что убьёт мою собаку, что убери её и т.д. Я сказал ты факт укуса мне предоставь, что именно моя собака это сделала, сказал что у меня есть доказательство, что это не она но меня слушать не хотел. Далее он с агрессией, пошёл к себе во двор, через пару минут вышел с вилами, забежал ко мне во двор мы не ожидали, что он сможет это сделать он заколол мою собаку, на глазах моих детей и других нескольких людей, 👇🏼продолжение….

Публикация от ОФ «Доброе Сердце», г.Атырау (@help_animals_atyrau)

© azattyq-ruhy.kz