ВИДЕО: Дүкенді өртеген қостанайлық кім?

Дүкенді өртеген

Қостанайда белгісіз біреу дүкенді өртеген сәт видеоға түсіп қалды

Қостанайда белгісіз біреу спорттық тағамдар дүкенін өртеген сәт видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Роликтің кадрларынан маска киген белгісіз біреу жанғыш қоспасы бар бөтелкені сындырып, содан кейін өртеп жібергенін көруге болады.

Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, 2020 жылдың 2 қазанында сағат 03.26-да «102» пультіне Абай даңғылында орналасқан спорттық тағамдар дүкенінің өртенгені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметі өртті алауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ.

«Бұл факт Қостанай қаласы полиция басқармасының Оңтүстік полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлімі («Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру») бойынша тіркелді», – делінген хабарламада.

«Қылмысты ашуға және оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел тергеу іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды», – деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.