Байынан таяқ жеген әйел екі жылдан кейін мұхиттың ортасынан табылды

әйел

Байынан таяқ жеген әйел екі жылдан кейін мұхиттың ортасынан табылды

Колумбия жағалауында жергілікті балықшылар ашық мұхитта бетінде қалқып бара жатқан әйелді тапты, деп хабарлайды New York Post-қа сілтеме жасаған Qazbrand.info.

әйел

Бұл Атлантикодағы Пуэрто Колумбия қалалық жағажайының жағалауынан екі шақырым жерде. Балықшылар әйелді әуелде мұхит бетіндегі бөрене екен деп ойлаған, бірақ жақындаған кезде талып қалған адам екенін көреді.

Әйелді кемеге сүйрегенде, оның қаншалықты қажығандығы және әрең қозғалатындығы көрінеді. Ол шамамен сегіз сағат суда болды. «Құдай менің өлгенімді қаламады», – деген бір ауыз сөзін әлсін-әлсін айтқанын бейнетаспадан байқауға болады.

Кейінірек 46 жастағы әйелдің есімі Анжелика Гайтан екені анықталды. Ол Богота тұрғыны екен. Екі жыл бұрын туыстары бұл әйелді жоғалтып алған екен. Анжелика өзі отбасымен барлық байланысты үзіп, озбыр күйеуінен қашып кеткенін айтты. Оның айтуынша, ол 20 жыл бойы күйеуінің соқысында өмір сүрген.

2018 жылдың қыркүйегінде Анжелика бет сүйектерінің сынуымен ауруханаға түскеннен кейін ол үйіне оралмауға шешім қабылдапты. Әйел алты ай бойы қаңғып жүрген.

әйел

Алайда, күйеуі оны тауып алып, тағы қорлығын жалғасырған. Ал полиция әйелге қорғай алмайтындықтарын түсіндіріп, өзіне басқа орын табуға кеңес берген екен. Содан кейін Анжелика «бәріне нүкте қоюды» шешіпті. Ол жардан суға секіріп түсіп, есінен танған. Осылайша ол мұхитқа жол тартқан.

Қуанышқа орай, әлде «өкінішке орай» ма, оны тағдыр иесі өзі шешер. Әйтеуір ол тірі қалды.

Колумбиялық әйелдің туыстары жергілікті БАҚ-қа Анжеликаның бұрын психикалық денсаулығында қиындықтар болғанын айтты. Әйелдің қызы анасының бұрыннан күйеуінен зардап шеккенін айтыпты.

Айтпақшы, күйеуінен таяқ жеген Баян ханымдарымыз бен, су жаңа күйеуімнен жасқанамын деп жар салған Айнұр ханымдар бұның қасында не тәйірі… Мақала аяғын, «хайп» қылып жібердім ғой деймін, ә!