Күлі көкке ұшты: Әзірбайжан қорғаныс министрлігі видео жариялады

Әзірбайжан

Әзірбайжан Арменияның әскери көлік колоннасын тас-талқан етті (ВИДЕО)

Әзірбайжан қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақта Арменияның әскери көлік колоннасын түркиялық «Байрактардың» көмегімен талқандаған видеоны жариялады.

Таулы Қарабақтағы әскери шиеленіс өткен аптада күрделеніп, екі тарап ашық қарулы қақтығысқа көшті. Шекара маңындағы әскери қимылдар нағыз соғысқа ұласты. Ұрыста қос қарсылас жаяу әскерден бастап ұшақтарға дейін қолданып жатыр. Әлемдік қауымдастық пен жекелеген мемлекеттер келіссөзге шақырғанымен, ұрыс қимылдары тоқтар емес.