Қазақстанда енгізілетін жаңа шектеулер туралы мәлімдеді

карантин

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда енгізілетін жаңа шектеулер туралы мәлімдеді.

Шектеулер тізімі:

– Басқа елдермен әуе қатынасын қайта ашпау;
– Әуе қатынасы жаңартылған елдермен рейстер санын көбейтпеу;
– Түркияға рейстер санын азайту;
– Екінші санаттағы елдерден келетін адамдар үшін термометрия, сауалнама, мерзімі үш тәуліктен аспайтын коронавирусқа тексерілді деген анықтаманың болуы (анықтама болмаған жағдайда келгендер COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін стационарда екі тәулікке дейін оқшауланады).