Пәтерден шыққан қорқынышты айқай: Әкесін пышақтап тастаған азаматқа қандай жаза беріледі? (ВИДЕО)

әкесін пышақтап тастаған

Павлодарлық азамат әкесін пышақтап тастады (ВИДЕО)

Ол сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Павлодардағы отбасылық жанжал қайғылы жағдаймен аяқталуға сәл қалды. Жергілікті тұрғын әкесін пышақтап тастады. Бұл туралы Stan.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Пәтерден қорқынышты айқайды естіген көршілері полиция шақырған. Кикілжіңнің екі қатысушысы да мас болғаны анықталды.

«Оқиға орнына келген полиция қызметкері әкесі мен баласы арасында жанжал болғанын анықтады. Нәтижесінде ұлы зейнеткер әкесін пышақпен жарақаттады. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, бірінші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді Павлодар облысы ПД баспасөз хатшысы Жанна Белялова.

70 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді. Қазір зейнеткер ауыр халде. Жәбірленушінің ұлы тергеу изоляторында. Ол сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.