Адам сенгісіз! 25 сантиметрлік арматура адам асқазанында 3 жылға жуық уақыт жатқан (ФОТО)

адам асқазанында

Адам сенгісіз! 25 сантиметрлік арматура адам асқазанында 3 жылға жуық уақыт жатқан (ФОТО)

Пациенттің айтуынша, екі жыл бұрын ол тергеу изоляторында болған, сол жерде арматураны жұтып қойған.

Алматыда ер адамның асқазанында 2,5 жылдай арматура болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ол ауруханаға таяуда ғана жүгінген. Жедел жәрдем дәрігерлері үшін денедегі бөтен затты шығару күрделі операция емес. 54 минут ішінде операциялық бригада отаны сәтті жасап шықты.

Адам сенгісіз! 25 сантиметрлік арматура адам асқазанында 3 жылға жуық уақыт жатқан (ФОТО)

«Бүгін пациент ауруханаға эпигастрий аймағындағы өткір ауырсыну шағымымен келді. Пациенттің айтуынша, екі жыл бұрын ол тергеу изоляторында болған, сол жерде арматураны жұтып қойған. Рентгенологиялық диагностика нәтижесінде пациенттің сөзі расталып, ер адамға дереу лапаротомия, гастротомия, денедегі бөгде затты алып тастау операциясы жасалынды. Операция сәтті өтіп, науқас палатаға ауыстырылды», – деді №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімшесінің хирургі Темірхан Қожахметов.