Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

news full15954761841e97e2c2327d726f473ad4a3e46c64f4

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мой город» басылымының мәліметінше, оқиға 20 шілдеде сағат 01:00 шамасында Шалқар ауданының орталығында болған. Шағын ауданда полиция қызметкерлері күдікті қара түсті ВАЗ 2114 көлігін тоқтатып, тексеруді қалаған.

«Машина тоқтады, жолаушы есігінен ер адам шығып, полицейлерге қарай шолақ мылтықтан оқ атты. Осыдан кейін машинада болған белгісіз үш адам қашуға тырысты. Шалқар полиция бөлімінің УҰИ-ның қызметкері жараланып, қазір ауруханада жатыр», – деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

22 шілдеде күдіктілер ұсталды. Олар Шалқар қаласының тұрғындары, олардың екеуі 22 жаста, біреуі 23 жаста.