Төсектегі екі еркектің атақты видеосын полиция тексеруде

2019100715002146236 2019100714054685417 1536585448 secruityr

Төсектегі екі еркектің атақты видеосын полиция тексеруде

Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Әкетай өзі туралы жалған ақпарат тарату фактісі бойынша полицияға арыз түсірген. Полиция бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облыстық Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу басталғанын жеткізді.

– Қылмыстық іс аясында габитоскопиялық (фото-портрет арқылы бет-әлпеттерді салыстыру), денені зерттеу (денедегі тыртықтар және басқа да ерекше белгілер бойынша) сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ, қонақ үйлер мен сауналарда тексеру жұмыстары жүргізілді, бұл өңірде ондай үй-жай табылмады, деп хабарлады полиция өкілдері.

Сондай-ақ, видеоны Whatsapp арқылы таратқан гаджеттің ip-адресін анықтау жұмыстары жүргізілуде.