Видео: Жантүршігерлік жол апаты болды

2020 07 20 20 33 34

Қазіргі кезде абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Алматы облысында бензин тасымалдап жүрген жүк көлігі алдымен патрульдік полиция көлігіне, одан кейін тағы екі көлікке соғылып, жол жиегіне аударылып, жарылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жантүршілігерлік жол апатының видеосы пабликтердің бірінде жарияланды. Оны «Рено» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі түсіріп алған.

«18 шілде кешкі сағат 20:00-де «ЗИЛ» маркалы көлік алдымен «Мазданы» содан кейін менің көлігімді қағып өтті. Мен жол жиегіне бұрып үлгердім. Жедел жәрдем шақырдық»,– дейді ол.

Полицейлер жол апатының болғанын растады. Қайғылы оқиға «Алматы–Өскемен» автожолының 548 шақырымында болып, салдарынан бір адам көз жұмған.

«ЗИЛ» маркалы газ тасымалдайтын жүк көлігін басқарған 1982 жылғы ер адам рульді басқара алмай, жолай келе жатқан «Пежо-307» автомашинасымен соқтығысқан. Содан соң инерциямен қарсы бағытта келе жатқан «Мазда-626» жеңіл көлігін жаншып өтіп, «Рено» маркалы жүк көлігінің алдыңғы сол жақ бұрышын жанай соғып жол жиегіне аударылған. Бірнеше минуттан кейін жарылып, толығымен отқа оранған»,– дейді полицейлер.

Жол-көлік оқиғасы кезінде 1972 жылы туған «Мазда-626» көлігінің жүргізушісі ауыр дене жарақаты салдарынан көз жұмды. Ал патрульдік экипаждың қызметкерлері  жарылысқа бірнеше секунд қалғанда «ЗИЛ-дің» жүргізушісін кабинадан алып шықты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Қайғылы оқиға ағымдағы жылдың 18 шілдесінде сағат 20.05 шамасында Алматы-Өскемен автожолының 548 шақырымында «ЗИЛ-130» маркалы автокөліктің қатысуымен орын алды. ЖКО салдарынан бірнеше адам зардап шегіп, бір адам қайтыс болды. Солтүстік бағытта қозғалып келе жатқан «ЗИЛ» маркалы автокөлігін басқарған 1982 жылғы азамат рульді басқара алмай жолай келе жатқан «Пежо-307» маркалы автокөлігімен соқтығысқаны анықталды. Патрульдік экипажда екі полиция қызметкері – полиция аға лейтенанты Максим Шевченко мен полиция лейтенанты Руслан Меделханов болған. Инерция салдарынан газ тасымалдайтын көлік тағы екі көлікпен соқтығысқан. Алдымен қарсы бағытта келе жатқан «Мазда-626» маркалы автокөлігімен, ал кейін «Рено» маркалы фурасымен. Осыдан кейін » ЗИЛ» жол жиегіне шығып, аударылып кеткен. Бірнеше минуттан кейін газовоз жарылып, толықтай жанған. Өкінішке орай, аталған жол-көлік оқиғасында 1972 жылғы Ж. есімді «Мазда – 626» жүргізушісі ауыр дене жарақаты салдарынан оқиға орнында қаза тапты. Жарылысқа бірнеше секунд қалғанда полиция қызметкерлері жарылыс пен оның зардаптарын алдын ала болжап, газ тасымалдайтын көлік жүргізушісін құтқаруға ұмтылған: олар санаулы секунд ішінде жүргізушіні қауіпті аймақтан сүйреп шығарып алған. Сонымен қатар, полицейлер жол-көлік оқиғасының қалған қатысушыларын құтқарып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. «Зил» автокөлігінің жүргізушісі Үшарал қаласының ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі Пост на русском⬇️⬇️⬇️

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Полицейлер жедел жәрдем келгенше зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жол-көлік оқиғасы болған жерді қоршап, басқа көліктердің өтуін қамтамасыз еткен.

«Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлімі – «абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – делінген ресми хабарламада.