Кімдер 42 500 теңгеге өтінімді 19 шілдеден бастап береді?

7464867

Проактивті қызметті пайдаланбаған, яғни sms-хабарлама алмаған осы санаттағы азаматтардан өтінім проактивті қызмет көрсету аяқталғаннан кейін қабылданады

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңге жәрдемақыға өтінім кезең-кезеңмен қабылданатынын хабарлады.

«Порталдарға шамадан тыс салмақ салмау және азаматтарға ыңғайлы болу үшін egov.kz және 42500.enbek.kz-те Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға өтініштерді қабылдау кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады», – делінген хабарламада.

Сонымен, 16 шілдеден бастап бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші адамдар үшін sms-хабарлама жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсетілді.

Проактивті қызметті пайдаланбаған, яғни sms-хабарлама алмаған осы санаттағы азаматтардан өтінім проактивті қызмет көрсету аяқталғаннан кейін қабылданады.

Жеке кәсіпкерлер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын адамдар және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін өтінім қабылдау 17 шілдеде басталды.

«SMS жолданады, 1 санын басыңыз»: кімдер өтініш бермесе де 42 500 теңге алады 

Ал өз қызметкерлеріне өтінім беретін жұмыс берушілер (заңды және жеке тұлғалар) үшін өтінім қабылдау 19 шілдеден басталады.

Естеріңізге сала кетейік, «42 500 теңге» төлемін проактивті түрде тағайындау үшін 700 мың қазақстандық SMS-хабарлама алған болатын.

Төмендегі арналарды пайдалана отырып, өтініш беруге болады:

  • – egov.kz – «электронды үкімет» веб-порталы;
  • – 42500.enbek.kz порталы;
  • –  telegram-bot-тар;
  • – Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;
  • – екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары.

Өтінім қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.