Сасып кеткен: Оралдағы мәйітханада екі адамның мүрдесі бір айдан бері жатыр

5f0f210663dc7452057699
«Ұмыт қалған денелерді жерлеу қызметтерін «Талап» АҚ атқарады. Бірақ, олармен келісімшарт мерзімі аяқталған, сондықтан денені ешкім қабылдамайды» деп жазды Мәжіліс депутаты.

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Facebook парақшасында Оралдағы мәйітханада бір айдан бері екі адамның мүрдесі жатқанын мәлімдеді. Оған бұл туралы қала тұрғындары хабарлап, денелерден сасық иіс шығып жатқанына шағымданған, деп хабарлайды Stan.kz.

Депутаттың сөзіне қарағанда, көптеген қала тұрғындары оған мәйітханада жағымсыз иіс бар деп шағымданған және осы жағдайды тексеруді сұраған.

Имашева Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев мәйітханадағы жағдайды бақылауға алғанын және тоңазытқыш жабдықтары жөнделіп жатқандығын жеткізді. Бұл мекеменің жергілікті билікке бағынбайтындығы атап өтілді.

Алайда, мәйітханадағы сасық иіс тоңазытқыш жабдығының істен шығуына байланысты емес екені белгілі болды.

«Мәйітханадағы иіс сол жерде қалған және уақтылы көмілмеген екі денеден шыққан. Бұл жұмысқа Орал қаласының әкімдігі жетекшілік етеді. Ұмыт қалған денелерді жерлеу қызметтерін «Талап» АҚ атқарады. Бірақ, олармен келісімшарт мерзімі аяқталған, сондықтан денені ешкім қабылдамайды» деп жазды депутат.

Имашеваның сөзінше, ұйымның қызметкерлері мәйітті ешкім алып кетпегеннен кейін он күн өткен соң жерлеу туралы өтініш беру керек. Алайда, осы екі мүрде бойынша тиісті өтінім 14 шілде күні ғана келіп түскен.

Ал денелерді мәйітханаға 16 және 26 маусымда алып келген.

«Бүгінде бұл денелер шығарылды. Міне, осындай жауапты тұлғалардың жауапсыздығы – қарапайым адамдар мәселесінің пайда болуына тағы бір мысал», – дейді депутат.