Мемлекеттік қызметкерлерге пара берген 218 адам жауапқа тартылған

news full15590358854fafd8070d6452494e620111022873a6

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге пара берген 218 азамат жауапқа тартылып, 10-нан 60 млн теңгеге дейін айыппұл салынған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің брифингі барысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсе басшысы Мирас Қарғабайдың сөзінше, елімізде жыл басынан бері 218 адам мемлекеттік қызметкерлерге пара бергені үшін жауапқа тартылған. Олардың 107-сі сотты болыпты.

«Тоғыз адам 1-ден 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Бес адам 1 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. 93 адамға 10-нан 60 миллион теңгеге дейін ірі көлемде айыппұл тағайындалды», – дейді Мирас Қарғабай.

Бүгінде елімізде пара беру жағдайлары үшін жарты миллиардқа жуық айыппұл тағайындалған.

Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілері Қылмыстық кодекске сәйкес, пара берген тұлғадан ақша бопсаланса немесе органдарға пара туралы өзі хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.